Индерде аудан әкімі бастаған басшылар шаңғы тепті

DSC 0544 Медицина

Биылғы жылдың басты додасы – Оңтүстік Кореяның Пхёнчхан қаласындағы қысқы Олимпиада ойындары 9-28 ақпан аралығында өтетіні белгілі. Оған қазақстандық спорт делегациясы 9 спорт түрі бойынша ел намысын қорғап жатыр.

DSC_0544

Осыған орай Индер ауданы әкімдігінің қолдауымен, аудандық денешынықтыру және спорт бөлімі, аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі, аудандық білім бөлімі және Индер аудандық Жастар ресурстық орталығының бірлесіп ұйымдастыруыен 23-ші Қысқы Олимпиадаға Қазақстан атынан қатысушы спортшыларды қолдау акциясы өтті.

IMG-20180209-WA0065

DSC_0420

Қазақстан ұлттық құрамасы Қысқы Олимпиада ойындарына Тәуелсіз мемлекет ретінде 1994 жылдан бері тұрақты түрде қатысып келеді. Биылғы жылы отандастарымыз реттік сан бойынша ақ қар, көк мұз үстінде өтетін аламанға жетінші рет қатыспақ.

Осыған орай индерлік барша жиналғандарды алдымен аудан әкімі Серік Арыстан мен Қазақстанның құрметті спорт қайраткері Асқар Бәкенов құттықтап, жас спортшыларға сәттілік тіледі.

IMG-20180209-WA0066

Акция барысында білім беру мекемесіне қарасты барлық мектеп оқушыларының қатысуымен шаңғы жарысы ұйымдастырылды. Бұл жарысты алғашқы болып аудан әкімі бастаған бір топ басшылар бастады.

DSC_0649

IMG-20180209-WA0048

IMG-20180209-WA0032

150-ге жуық оқушылардың арасынан оқ бойы озық келген сайыскерлерді аудан әкімінің орынбасары Дарын Шамұратов марапаттап, естелік суретке түсті.

DSC_0677

Беттері қызарып, ауыздарынан бу бұрқыраған оқушылар мен студенттерге жарыс соңында ыстық шәй мен бәліш таратылды.

DSC_0640

 

Рафхат ЖҰМАБАЙ.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз