Медициналық қалдықтар: Оны жою талаптары қалай орындалуда?

Басты жаңалық ЖАНДАУА Медицина Мәселе Не көріп жүрсіз?

Әртүрлі ота мен босанулардан кейінгі биологиялық, медициналық қалдықтарды тасымалдау және жоюдың өзіндік талаптары бар. Алайда, аймақта кейбір аудандағы денсаулық сақтау ұйымдары санитариялықэпидемиологиялық жағдайға бейжай қарайды. Мұндай олқылыққа жол беруге болмайды.

Облыстық қоғамдық денсаулық сақтау департаменті басшысының орынбасары Ерболат Уайсовтың айтуынша, медициналық қалдықтар арнайы қондырғыларда сақталып, жойылуы қажет.            

– Мұндай заң талаптары Индер, Махамбет аудандарында арнайы қондырғының жоқтығы салдарынан сақталмай отыр. Ал, Мақатта қондырғы бола тұра, белгіленген талаптар өрескел бұзылуда. Денсаулық сақтау ұйымы кәсіпкермен келісім-шартқа отырып, миллиондаған қаржыны шығындауда. Аудандардағы мұндай қалдықтарды тасымалдау жұмысына «жедел жәрдем» көліктері пайдаланылуда. Бұл әрекетке бейжай қарауға болмайды, – деді Ерболат Инаматұлы.

Ал, босанғаннан кейінгі қалдықтарды көму жұмыстары Атырау қаласы және Жылыой ауданында жүйелі іске асқан. Басқа аудандарда бұл жұмыстар қолға алынбаған. Негізінен зираттарда биологиялық қалдықтарды көметін жер бөлінуі қажет. Аймақтағы бес аудандық ауруханада мұндай жер телімі бөлінбегендіктен, олар талап-міндеттерді сақтамай келеді.  «Кез келген жерге, тіпті өздерінің территориясына көме салатын деректердің де бары рас. Олар бұл олқылыққа жол беруді әдетке айналдырған. Сондықтан, осынау мәселеге әр аудан басшысы назар аударып, тыйым салуы қажет» деді Е.Уайсов.

Асылым ӘЛИ.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *