Екпе жасарда аллергиялық реакция тексеріледі

3f75d76c3b6289a3409c3b559c34fbe5 XL Жаңалықтар

  Ендігі уақытта дәрігерлер екпе жасағанда және дәрі беру кезінде пациенттің аллергиялық реакциясын алдын ала ескеруі қажет. Бұл туралы елімізде ақхалаттылардың әрекеттерін реттейтін бұйрық күшіне енді.

ekpe
Фото – www.religion.zhetysu.gov.kz

Денсаулық сақтау министрлігінің бапасөз қызметінің хабарлауынша, жаңа заңдылық халықаралық стандарттарға сәйкес пациенттің қауіпсіздігін қамтамасыз ету және аллергиялық реакциялардың алдын алу мақсатында медициналық дәрі-дәрмектерді енгізу кезіндегі сала мамандарының әрекеттерін жүйелейді. «Бұйрықта таблеткалы препараттарды тағайындаудан бастап реанимацияда ауыр жағдайларға дейін әртүрлі  сәтте қолданылуға мүмкін болатын, дәрі-дәрмектік аса жоғары сезімталдықты диагностикалау әдісін таңдау жолдары ұсынылды» делінген баспасөз хабарламасында.       

Сондай-ақ, алғаш рет бастапқы иммундық тапшылық күдігі бар пациенттерді мекемеге жолдау алгоритмі бекітілді. Бұл пациенттердің осы ауыр санатына уақытылы мамандандырылған медициналық көмек көрсетуге мүмкіндік береді. Аталмыш құжат «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодекс пен 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру шеңберінде бекітілді.                      

     Алтыншаш ҚҰРМАШЕВА

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз