Атырау облысында сайлау кезінде 19 нәресте туылды

51221c0e 4322 4d10 8ba3 361280419d2c Медицина

Балалар сайлау күні таңғы сағат 7.00 мен кешкі 20.00 аралығында өмірге келген. Олардың 8-і қаладағы перзентханаларда, ал қалған 11-і облыстың әр аумағында туылды. Бұл туралы аймақтық Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлады.

Айта кетейік, бүгін, 9 маусым күні Қазақстанда президенттікке кезектен тыс сайлау өткен болатын. Берілген дауыстардың нәтижесі ертен жарияланады деп күтілуде.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз