Маусымнан бастап 1 миллион қазақстандықтың жалақысы өседі

Ел жаңалықтары Экономика

Atr.kz/ 15 сәуір, 2019 жыл. Айлығы төмен бюджеттік сала қызметкерлерінің жалақысы 2019 жылдың 1 маусымынан бастап өседі.

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2019-2021 жылдарға арналған бюджетке өзгерістер енгізу туралы заңға қол қойды. Ол бұл туралы Twitter парақшасында хабарлады.

Енді 1 млн-нан астам айлығы төмен ауылдық, аудандық, облыстық деңгейдегі бюджеттік сала қызметкерлерінің жалақысы 2019 жылдың 1 маусымынан бастап өсетін болады. 20 16:01 – 15 апр. 2019 г.Информация о рекламе в Твиттере и конфиденциальность Смотреть другие твиты Qasym-Jomart Toqayev

“2019-2021 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы” ҚР заңына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы” заңға қол қойдым”, – деп жазады мемлекет басшысы.

Тоқаев құжатты әзірлеген үкіметке және маңызды өзгертулерді жылдам қарап, қабылдаған парламент депутаттарына алғысын жеткізді.

Президент биыл 1 маусымнан бастап бір миллионнан астам қазақстандықтың жалақысы өсетінін хабарлады.

“Енді 1 миллионнан астам айлығы төмен ауылдық, аудандық, облыстық деңгейдегі бюджеттік сала қызметкерлерінің жалақысы 2019 жылдың 1 маусымынан бастап өсетін болады”, – деп жазды ол жеке парақшасында.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *