Малшылар май шаммен отыр

Онда «ауылдың өсу перспективасы ауыл шаруашылығындағы еңбек өнімділігін түбегейлі арттыруға, шикізатты қайта өңдеуді қамтамасыз етіп, әлемдік нарыққа жоғары сапалы дайын өніммен шығу, аграрлық ғылымды дамыту, жаңа технологиялар мен бизнес модельдерді енгізу, агроөнеркәсіп кешеннің ғылымға негізделуін арттыру шаруашылықтарды кооперациялау қажеттігі» қамтылды.

?????????????????????????????????????????????????????????

Сөйтіп, бес жыл ішінде аталмыш салада өнімділікті кем дегенде 2,5 есе арттыру міндеті қойылып отыр. Бұл – Елбасының елімізде агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаны орындау жөніндегі тапсырмасы.

Бүгінде облыстың ауыл шаруашылығы саласында 38 әртүрлі шаруашылық құрылымы, 2256 жеке кәсіпкерлер мен шаруа қожалықтары жұмыс істеуде. Төрт түлік малдың 94 пайызы жеке иеліктер мен үй шаруашылығында шоғырланған. Соңғы жылдары мал саны, егіс көлемі өсіп, халықты өзіміз өндіретін азық-түлік өнімдерімен қамтамасыз етуде  бірқатар жетістіктерге қол жеткізілді. Жалпы ауыл шаруашылығы өнімін өндіру көлемі артып келеді.

Мал шаруашылығын дамыту негізгі үш фактордан тұрады. Ең бастысы, тұрақты мал азығы – жем-шөппен қамтамасыз ету,  малды бағып-күту технологиясын сақтау мен селекциялық асылдандыру жұмыстарын ғылыми негізде сауатты жүргізу қажет. Ал, бүгінде бұл факторларға қаржы ресурсының болуы, заманауи технологияны енгізу және мал бағатын адам немесе кадр мәселесі қосылады.

Мал шаруашылығын дамытып, табысты жүргізу үшін инновациялық негізде индустрияландыру керек. Ол үшін өндірістік кооперативтер мен серіктестіктерді, кейбір шаруа қожалықтарын ірілендіру қажет. Себебі, тек ірі шаруашылықтарға ғана индустриялды-инновациялық жаңа технологияны, озат тәжірибе мен ғылым жетістіктерін енгізу тиімді. Бұларда еңбек өнімділігі жоғары, өндірілген өнім сапалы, әрі арзан, бәсекеге қабілетті болады.

Шаруа қожалықтарына жеңілдетілген ұзақ мерзімді несие, лизинг, субсидия беруді шешумен немесе инвестиция тарту жолымен оларды ірі шаруашылықтарға айналдыруға әбден болады. Олар өндірген өнімдерін өздері өңдеп, өткізуге толықтай мүмкіншілікке ие болатыны сөзсіз.

Бүгінде селода шағын және орта бизнесті дамыту, адамдардың іскерлік қабілетін ашып, шаруа жүргізудің, кәсіп жасаудың жаңа жолдарын іздестіруге мүмкіндік мол. Табыстың кілті  кәсіпте екенін түсінген ауылдағы ағайынның арасында өз ісін ашуға ынталылардың қатары артып келеді. Десек те, бүгінде шаруашылық құрылымдары мал бағатын адамға зәру, мал шаруашылығын дамытуға кедергі – маман тапшылығы. Ауылда тракторшылар мен көлік жүргізушілер, техника жөндеушілер жетіспейді.

Мал бағып жүрген үлкендердің орнын басуға жастардың зауқы жоқ. Мүмкін, алдымен малшының тұрмысын түзеген жөн шығар? Көптеген шаруа қожалықтары электр желісінен алыста, әлі күнге дейін май шаммен отыр. Сондықтан, әр қыстаққа табиғи газ бен электр энергиясын жеткізу керек. Баламалы энергетикалық қуат көзін орнатуға болмас па еді? Әрине, мұны жергілікті бюджеттің күшімен шешу мүмкін емес. Демек, республикалық деңгейдегі кешенді бағдарлама қажет. Сонымен қатар, әр шаруашылық басшысы өзіне келген жас маманның алдына мал салып, көтерме сыйлық ұсынса, жарасымды болар еді. «Дипломмен – ауылға» бағдарламасы бойынша мұғалімдер мен дәрігерлерге үй беріледі. Осындай қамқорлық мал шаруашылығы мамандарына да қажет.

Мал шаруашылығын дамытуға тежеу болып отырған өзекті мәселенің бірі – жерасты суының тапшылығы. Бұл жайылымдық жерлерді барынша пайдалануға мүмкіндік берер емес. Жерасты суларының мөлшері азайып, малды сумен қамтамасыз етуге жарамай жатыр. Міне, осы күрделі мәселелер, асыл тұқымды еділбай қойын өсіріп отырған шаруашылықтардың қалыпты жұмыс жасауына кедергі келтіруде.

Көптеген мал және егін шаруашылығымен айналысатын құрылым жетекшілері каналдар арқылы суарылатын егін алқаптары үшін су жеткізу субсидиясын 80/20 пайызға ауыстыру мәселесін шешуді сұрайды. Сондай-ақ, ауылдықтарды арнайы техника сатып алуға қаржы бөлу, асыл тұқымды шаруашылықтарға берілетін субсидияны жетілдіру, ірі сабақты мал азығының шығынын жабуға берілетін субсидияны көбейту, қой мен түйе жүнінің бағасын өсіру жөнінде мәселелер толғандырады.

Әрине, ауыл шарушылығын,  ауыл өмірін бір сәтте түбегейлі өзгерте қою мүмкін емес. Бұл – күрделі де, қыр-сыры көп процесс. Ең бастысы – ауылдықтарда келешекке, мемлекеттің халыққа деген қамқорлығына үлкен сенім бар.

 Сабыржан СҰЛТАНОВ,

«Құрманғазы»  өндірістік кооперативінің төрағасы, 

облыстық мәслихаттың депутаты.

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*