МАҚСАТ АЙҚЫН, МІНДЕТ ЗОР

 

Жиын барысында аудан әкімі Ерболат Омаров Президенттің әр тапсырмасын мұқият орындау керектігін қатаң ескертіп, осы бағытта жасалып жатқан жұмыстарға тоқталды.

Ол өз сөзінде Жолдаудың бірінші бағыты – инновациялық индустрияландыру трендін күшейтудің маңыздылығын түсіндіріп, бұл ретте ағымдағы жылы «Ескене вагон сервис орталығының» құрылысы  аяқталатынын айтты. Сөйтіп, жаңа жұмыс орындары ашылып, мұнда 600 адам тұрақты жұмыспен қамтылмақ.

Сондай-ақ, инвесторлар тарту арқылы Мақат поселкесінен құрылыс материалдарын шығаратын керамзит зауытын ашу мақсатында жұмыстар жүргізілетін болады.

Осындай шараларды мәлімдеген әкім баяндамасынан кейін жергілікті тұрғындар да өз ойларын білдірді. Аудандық мәслихат депутаты, білім саласының қызметкері Дәмен Алтаева алға қойған мақсаттарға жетуде Жолдаудың әр бағытының құндылығын баяндаса, «Дипломмен-ауылға» жобасы бойынша  қызмет етіп жатқан аудандық аурухананың маманы Ержан Сартаев бүгінде жас ұрпақтың болашағы үшін жасалып жатқан жұмыстарды қуаттады.

Алтыншаш
ҚҰРМАШЕВА,
Мақат ауданы.

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*