Махамбет ауданында айт құрметіне «Тегін такси» ұйымдастырылды (ФОТО)

Мұсылмандардың ұлық мерекесі Құрбан айт Махамбет ауданында биыл ерекше тойланды.

IMG_4887

Құрбан айт намазына жиналып, аудандық «Исатай-Махамбет» мешітінің бас имамы Ержан Иманғалиевтың уағызын тыңдаған жамағат одан әрі арнайы дайындалған айт дастарханынан дәм татты. Мешіт ауласында жамағаттың ұйымдастыруымен қазақша күрес, арқан тартыс, қол күресі, кір тасын көтеру секілді ұлттық ойындар ойнатылды. Күрестен бірінші орын алған Руслан Сұлтанов бір қойды қанжығасына байлады. Қалған жүлдегерлерге арнайы диплом мен кітаптар табыс етілді.

IMG_4881 (1)

«Қуантсаң баланы қуант» деген қазақы қағиданы ұстанған ауыл тұрғыны Ибатолла Еменов мерекеге орай балаларға тегін батут ұсынды.

IMG_4795

Аудандық «Бибі-саз» Үкіметтік емес ұйымының жетекшісі Бибігүл Нәбиева мен «Жастар ресурстық орталығының» басшысы Айгерім Құрманберлиеваның басшылығымен бір күнге тегін такси акциясы ұйымдастырылды. Тегін такси белгісін тағып алған 10 машина айттың алғашқы күнінде мешітке келген жамағатқа тегін қызмет көрсетті.

IMG_4791

Құрбандыққа шалынған мал еттері аз қамтылған отбасыларға таратылды. Бұған қоса кіші аяқ доптан сайыс өткізілді.

IMG_4876

IMG_4821

Баян СҮЙЕУОВА.

Махамбет ауданы.

Суреттерді тусірген автор

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*