Корей мәдениетінің күндері

EAC7619 Мәдениет

Қазақстан жеріне корей диаспорасының қоныс аударылғанына сексен жылдан асты. Олар өз еріктерімен емес, елімізде тұрып жатқан басқа ұлт өкілдері секілді тоталитарлық режім жылдарында күштеп көшірілген еді. 

????????????????????????????????????

Бүгінде олар көп ұлтты тәуелсіз Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуы мен өсіп-өркендеуіне өз үлестерін қосуда.

Жақында Құрманғазы атындағы мәдениет сарайында «Тхоньил» кәріс этномәдени бірлестігінің ұйымдастыруымен «Атыраудағы Корей мәдениетінің күндері» өтті. Қала тұрғындары мен қонақтарына арнап өткізілген бұл шараның мақсаты ұлтаралық келісім мен бірлікті күшейту. Атыраулықтар кәріс халқының салт-дәстүрлерімен, әдет-ғұрыптарымен танысып, ұлттық өнерін тамашалады.

Мәдени шарада Атырау облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары – хатшылық меңгерушісі Гүлмира Шәкірова Корей мәдениеті күндерінің өткізілуіне байланысты облыс әкімі Нұрлан Ноғаевтың  құттықтауын жеткізді. Астанадан арнайы келген Оңтүстік Корея Республикасы елшілігі мәдени орталығының директоры Ли Теран жұртшылықты құттықтады.

 

Бақытжан Жұмат

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз