Бақытжан Әбішевтің шығармашылығына арналған көрме ашылды

Screenshot 17 Мәдениет

Облыстық Ш.Сариев атындағы көркемсурет және қолданбалы-сәндік өнер музейінде ҚР Суретшілер Одағының мүшесі, белгілі  мүсінші Бақытжан Әбішевтің жеке шығармашылығына арналған көрме ашылды.

Screenshot_17

Қазақтың мүсіндеу өнерінде өшпес із қалдырған қылқалам шеберінің өмір жолы мен шығармашылығын кеңінен таныстыру мақсатындағы көрмені тамашалауға автордың замандастары мен жұбайы, ҚР еңбек сіңірген әртісі Шәмшәгүл Мендиярова, сала қызметкерлері және қала тұрғындары қатысты. Шарада шебер туралы деректі фильм көрсетіліп, Қазақстан Жазушылар Одағының Атырау облыстық фииалы құрастырған кітаптың тұсаукесері өтті.

Көрмеде мүсіншінің әр жылдары жасаған «Томирис», «Тұңғыш», «Салт атты», «Кездесу», «Би», «Бүркітші» сынды қоладан, мрамордан жасалған 16 мүсіні қойылды. Негізінен автордың жетпістен аса туындысы бар. Сондай-ақ, әке жолын қуған шебердің қызы Сәнді Әбішеваның кескіндемелік туындылары көрермен назарына ұсынылды. Жиында Бақытжан Әлімбайұлы туралы естеліктер айтылып, оның шығармашылығы жайында сыр шертілді.

Айта кету керек, көрме бір айға дейін жалғасады.

Алтыншаш Құрмашева

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз