Атырауда республикалық дирижерлар конкурсы өтті

ooplplp Мәдениет

Atr.kz/18 наурыз, 2020 жыл.  А т ы р а у о б л ы с ы әкімдігі, облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы мен Дина Нұрпейісова атындағы Академиялық қазақ халық аспапт а р о р к е с т р і н і ң ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының Халық әртісі, профессор, «Парасат» орденінің иегері Рыспай Ғабдиев атындағы ІІ республикалық дирижерлар конкурсы өтті.

Байқаудың мақсаты – Қазақ өнерінің дара тұлғаларының бірі, дүлдүл домбырашы, белгілі дирижер Рыспай Ғабдиевтің дирижерлық өнерін өскелең ұрпаққа, өнер сүйер жұртшылыққа кеңінен насихаттау және жас таланттар мен дарынды дирижерлардың кәсіби шеберлігін арттыру. Өнер әлемінде жас дирижерларды анықтап, қолдау көрсету. Алдын-ала жеребе суыру бойынша үміткерлердің сахнаға шығу кезегі белгіленді.

Сайыстың бірінші кезеңінде С.Мұхамеджановтың «Шаттық Отаны» шығармасы, күй анасы Динаның «16-жыл» күйі міндетті түрде орындалуы керек. Билет бойынша оркестрмен жұмыс жасауы, Қазақстан композиторларының бір шығармасы орындалуы және вокалдық бір шығарманы оркестрмен қостауы тиіс. Екінші кезеңде Құрманғазының «Серпер» күйін, Арман Жайымның «Орақ, Мамай» шығармасы, шетел композиторларының бір шығармасы, халық композиторларының бір күйі, жеке аспап пен оркестрге арналған шығарма орындалуы тиіс.

Бірінші кезеңнен өтпеген байқауға қатысушы екінші кезеңге жіберілмейтінін жүргізушілер қаперге берді. Үміткерлердің кәсіби біліміне, м а м а н д ы ғ ы н а ш е к т е у қойылған жоқ. Қазылар алқасының төрағасы – «ҚР еңбек сіңірген қайраткері, «Дарын» Мемлекеттік жастар сыйлығының иегері, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры Арман Жүдебаев.

Қ а з ы л а р а л қ а с ы н ы ң мүшелері – Өзбекстан Республикасының халық әртісі, профессор Фарух Садықов, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, п р о ф е с с о р Ж а м а ғ а т Темірғалиев, «Құрмет» орденінің иегері, Атырау облысының Құрметті азаматы Орақ Жауыров, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері Мұхаддас Ғабдиев.

Екі күн бойы Ақ Жайықты шалқытқан күй мерекесі мәресіне жетті. Қазылар а л қ а с ы н ы ң ұ й ғ а р у ы
бойынша Бас жүлдені, 700000 теңге сыйақысымен және Рыспай Ғабдиев атындағы «Арнайы жүлдесін» 200000 теңге сыйақысымен Атырау қаласынан қатысқан үміткер Болат Долдашев қанжығасына байлады.

Бірінші орын 500000 теңге сыйақысымен Алматы қаласының намысын қорғаған Бекболат Әбдіберікұлына бұйырды. Екінші орынды, 400000 теңге сыйақыны ақтөбелік Есенжан Мұстафин иеленді. Үшінші орын және 300000 теңге сыйақы алматылық Омар Ибраимовқа, атыраулық Сырым Қапаровқа, атыраулық Азамат Шынаровқа табысталды. Конкурс дипломанты, павлодарлық Берік Ақатаевқа 100000 теңге сыйақы берілді.

Гүлзада НИЕТҚАЛИЕВА

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз