Атырауда халықаралық домбыра байқау фестивалі өтеді

Жаңалықтар Мәдениет

Atr.kz/ 16 сәуір, 2019 жыл. Атырауда тұңғыш рет түркітілдес халықтардың халықаралық домбыра байқау фестивалі өтеді.

Бұл туралы Atr.kz редакциясына Атырау қалалық әкімдігінің баспасөз-қызметі хабарлады.

«Саз пернелі сарайшық» бірінші халықаралық домбыра байқау фестивалі 26 сәуір күні Сұлтан Бейбарыс алаңында салтанатты жағдайда ашылады. Фестиваль аясында халықаралық өнер топтары додаға түседі. Және фестиваль аясында белгілі күйші, ҚР Еңбек сіңірген әртісі Айгүл Үлкенбаеваның күй-альбомының тұсауы кесіледі» делінген хабарламада.

Баян ЖАНҰЗАҚОВА

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *