«МӘҢГІЛІК ЕЛ» – БОЛАШАҚ БАСТАУЫ

 Елбасының Жолдауын студенттер арасында насихаттау, жас ұрпақты отансүйгіштікке, қазақтың салт-дәстүрлерін жастар арасында жаңғырту мақсатында өткізілген шараға он команда қатысты.  Сайысқа қатысушылар үш кезең бойынша  бақ сынады. «Бәйге» атты кезеңде студенттер еліміздің қоғамдық-саяси өміріне байланысты сұрақтарға жауап берсе, «Жорға» бөлімі бойынша салт-дәстүр, мәдениет, тіл, спорт тақырыптарына орайластырылған  сауалдарға  жауап іздеді. Үшінші кезеңде «Мәңгілік елдің тірегі – біздер!» тақырыбында эссе жазды. Сайыс барысында студенттер белсенділік танытып, өздерін туған елдің патриоттары екенін байқатты. 

Жастардың біліктілігі мен білімділігін әділқазылар бағалап, нәтижесінде жүлделі ІІІ орын Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің студенттеріне бұйырды. Ал, Атырау аграрлы-техникалық колледжінен қатысқан топ ІІ орынды иеленсе, І орынды Атырау политехникалық колледжі студенттері жеңіп алды.

Әділқазылар алқасының мүшесі Атырау студенттері Альянсы жетекшісінің орынбасары Динара Ержанова «Бүгінгі жас ұрпақ еліміздің тұтқасын берік ұстарына нық сенемін. Себебі, біздің жастар қай істе де белсенділік танытып, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың алға қойған межелеріне жетуге бір кісідей жұмылуда. Студенттердің бұл бағыттағы ізденістері бүгінгі сайыста тағы да дәлелдене түсті» деді.  

Алтыншаш 
НӘСІПҚАЛИҚЫЗЫ.

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*