МАҢДАЙ ТЕРДІҢ ЖЕМІСІ

Атаулы мерекеге орай әріптестерін құттықтаған инспекция басшысы өз қызметкерлерінің  қашан да осы талап үдесінен шығу жолында талмай еңбектеніп келе жатқандығын да мақтан етті.

Сала қызметкерлерін Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментінің басшысы, облыстық Тәртіптік кеңес төрағасы Мұхит Избанов та арнайы келіп құттықтады. «Осыдан он бір жыл бұрын Біріккен Ұлттар Ұйымының Ассамблеясы 23 маусымды Мемлекеттік қызметшілер күні деп жариялаған еді. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бұл датаны сол себепті таңдап алды. Өйткені, Қазақ елінің бүгінде әлемнің алпауыт мемлекеттерімен терезесі тең, керегесі кең» деп атап өтті Мұхит Кәрімұлы. Мемлекеттік қызмет – үлкен жауапкершілік пен табандылықты талап ететін сала. Әйтсе де, сала қызметкерлері әлі күнге әлеуметтік жағынан аз қорғалып келеді. Сөз арасында осы мәселелерді де көтерген Мұхит Избанов облыстың мемлекеттік қызметшілеріне арналған емхана салу, сала мамандарына ел ішіндегі емдеу-сауықтыру орталықтарына жылына бір рет жолдама беріп отыру сынды мәселелерді шешуге ықпал етуді сұрап құзырлы орындарға ұсыныс жібергендігін де айтты. «Мәселен, министрліктегі министрден бастап, маманына дейін белгілі бір емханаға бекітілген. Біздің өңірімізде ондай жағдай жасалмаған. Мемлекеттік қызметкерлер ел қатарлы емханада кезекте сарылып жүргенде, оны жұмыс орнында халық күтіп отырады. Осындайдан келіп халықтың сала мамандарына деген реніші туындайды. Әлеуметтік жағынан аз қорғалғандықтан, мемлекеттік қызметкерлер көп жағдайда саулығын уақтылы түзетіп отыруға көңіл бөле бермейді. Сол себепті біз тиісті ұсыныстарды жолдағанды жөн көрдік. Ол қаншалықты шешіледі, бұл жағын уақыт көрсетеді» деген Мұхит Кәрімұлы сала мамандарына әлеуметтік пакет жасақтауда дамыған елдер тәжірибесінен үлгі алудың маңызды екендігін айтты.

Салтанатты жиын барысындағы негізгі жаңалық – облыстық қаржылық бақылау инспекциясында бұған дейін келісім-шарт негізінде жұмыс істеп келген Дәурен Мұқашевтың мемлекеттік қызметке қабылдануы болды. Салтанатты түрде ант берген жас маманға инспекция басшысы Меңдіхан Лұқпанов қызметтік куәлігін табыс етті.

Одан әрі төл саласына ұзақ жылдар бойына адал еңбек етіп келе жатқан бір топ қызметкерге Атырау облыстық мәслихатының, Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Атырау облысы бойынша департаменті мен аталған инспекция басшыларының Алғыс хаты естелік сыйлықтармен қоса табысталды.

Баян АТАЙМАНҚЫЗЫ.
Суреттерді түсірген
 Ерлан АЛТЫБАЕВ.

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*