Мақаттық жастар аула сыпырып жүр (ФОТО)

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын жастарға кеңінен насихаттау мақсатында, «РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ» жалпы республикалық акциясы жүруде. Акцияның «Асар» бағыты бойынша М.Баймұханов орта мектебінің 9-шы сынып оқушылары мен ерікті жастар бірігіп, жалғызбасты, әрі зейнеткер Дабисова Айман әжейдің үйіне барып, тазалық жұмыстарын жүргізді.

14444

Асар жасау – әрине, көптің күшімен жұмыс жасауға жұмылуды білдіреді. Осыны ұғынған жастар қарт әжейдің ауласын тазалап, қол күші келмейтін үй шаруашылығына көмектесіп, қайырымдылық іс жасады. Елдің ертеңгі болашағы-жастар адамгершілік, ізгілік қасиеттерді бойларына сіңіріп, сауапты істің жанынан табылып жүруге ұмтылуы әрине, құптарлық іс. Олар әжейдің ақыл-кеңестеріне де құлақ түріп, өмірлеріне сабақ алатын өсиет әңгімелерін де тыңдады.

sqZ57C4XjZo (1)

Мемлекет басшысының саясаты ел азаматтарының рухы биік, елжандылық қасиеттері қалыптасқан патриот болуын қаласа, аудан жастары да осы үрдістен шығуға тырысып жүргендеріне қария да риза болып, батасын берді.

Лена МЫҢБАЙҚЫЗЫ

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*