Мақат поселкесінде есірткімен ұсталған жігіт қоғамдық жұмысқа тартылды

Мақат поселкесінде есірткімен ұсталған жігіт қоғамдық жұмысқа тартылды. Бұл туралы облыстық соттың баспасөз қызметі хабарлайды.

1

Іс құжаттарынан анықталғандай, оны Мақат поселкесіндегі теміржол вокзалы жанында полиция қызметкерлері тоқтатып, тінту кезінде газет қиындысына оралған марихуана есірткі заты табылған.

Сот талқылауында айыпталушы өз кінәсін мойындап, әрекетіне өкінетінін айтты. Өзінің мәлімдеуінше, ол Орал қаласында болып, көшеде өсіп тұрған марихуананы көріп, оны жинап алып, пайдалану үшін үйіне сақтаған.

Сот үкімімен айыпталушы кінәлі деп танылып, 150 сағат мерзімге қоғамдық жұмыстарға тарту жазасы тағайындалды.

Үкім заңды күшіне енген.

Айдос Қарабала

Фото telegraph.co.uk сайтынан алынған

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*