МҰЗ АСТЫНДАҒЫ БАЛЫҚ

Онда балықшылар қауымдастығы Атырау филиалы және «Ракуша», «Жамбыл», «Құрманғазы» өндірістік кооператив төрағалары биылғы қысқы маусым кезінде мұз астынан балық аулауға рұқсат алу үшін аудан әкімшілігінен қолдау сұрады. Осыған дейін Каспий теңізі жағалауынан балық аулауға Балық шаруашылығы комитеті арқылы рұқсат беріліп, бекітілген аймақта бөлінген лимит көлемінде көктемгі, күзгі маусымдарда балық ауланып келген болатын. Соңғы екі-үш жылда «Ракуша», «Жамбыл» ӨК, ал өткен жылдан бастап «Тілекші» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, «Хазар» жеке кәсіпкерлігі теңізден несібе жиған еді.

1956 жылға дейін аудан аумағында теңіз жағалауынан балық аулайтын колхоздар болғаны белгілі. Енді міне, араға елу жыл салып, балық аулау кәсібі қайтадан қолға алынуда. Бүгінде «СевКаспийфиш» ЖШС, «Аманкелді», «Алаша Атырау» ӨК  балық аулау науқандарынан қалмайды. Осы кәсіпорындар бойынша барлығы төрт мың тоннаға жуық лимит бөлінсе, ауланған балық екі мың тоннадан асты. Екінші жағынан, жергілікті тұрғындар жұмысқа тартылып, табысқа кенелді.

– Ауланған балықтың ең болмаса 10 пайызы жергілікті халыққа арзан бағамен ұсынылып тұрса құба-құп болар еді. Ол үшін Аққыстау селосынан арнайы балық сатылатын орын да бөліп қойдық, – деді аудан әкімі Тұрарбек Сұлтанбеков. Айтылған ұсыныс кооператив басшыларына үлкен ой салып, өз кезегінде олар ендігі жерде жергілікті тұрғындар үшін балық өнімдерін сатуды ұйымдастыратындарын жеткізді.

Фархат БАЛҒОЖИЕВ,

Исатай ауданы.

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*