Мұқтаж жанға жәрдем

«АтырауАқпарат» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі ұжымы да Құрбан айт мерекесін атап өтті. Шараға орталық «Иманғали» мешітінің наибимамы Мұрат Мұстафаев қатысып, қасиетті мерекенің мәні мен мағынасын әңгімеледі.

%d0%bc%d2%b1%d2%9b%d1%82%d0%b0%d0%b6-%d0%b6%d0%b0%d0%bd%d2%93%d0%b0

 Ұжым мүшелерінің бірауызды шешімімен сойылған малдың еті Атырау қаласындағы  Өркен  ықшамауданының тұрғыны Гүлдана Еркебаеваның отбасына берілді. Бүгінде ол алты баласын жалғыз өзі тәрбиелеп отыр. Оның төртеуі мектепте оқиды. Гүлдананың әкесі жол апатына ұшырап, қазір ауыр халде төсек тартып жатыр. Ал, балаларға төленетін жәрдемақыны жалдап тұратын баспананың төлеміне жұмсайды екен. Осындай қиындықты басынан кешіп отырған ол алғысын білдірді.

Өз тілшіміз.

Суретті түсірген: Максим СТАДНИЧЕНКО.

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*