Мәскеуден Сарайшық қаласы енгізілген «құпия» карта табылды

Сарайшық ауылындағы көне қаланың орнынан Қасым ханның сарайы табылуы әбден мүмкін. Бұл – осы бағытта қазба жұмыстарын бастаған археолог мамандардың пікірі.

201405141250065373121e847b4

Солардың бірі Марат Қасенов таяуда Мәскеу қаласынан көне шаһар енгізілген «құпия» карта табылғанын айтады. Құнды жәдігер 18 ғасырға тиесілі екен.

– Бұл карта арқылы тың мәліметтер қолымызға тиіп отыр. Бір кездері Ұлы Жібек жолының бойынан орын тепкен тарихи мекен аумағы уақыт өткен сайын кішірейіп келеді. Оның көп бөлігі су астында қалып, тек 20 пайызы ғана сақталып отыр. Бұған ескі үйінділерді лезде шайып әкететін Орал өзені сеп болуда. Қайта биыл жағажайды бекіту жұмысы қолға алынды, – дейді ол.

Бұдан бөлек, жылытуға арналған пеш те табылған. Сол сияқты, ХVІІІ ғасырдағы тиындар және күміс, бойтұмар, сүйек пен қыштан жасалған бұйымдар бар. Атырау тарихи-өлкетану мұражайының директоры Рашида Харипованың айтуынша, соңғы рет бұл жерде қазба жұмыстары он жыл бұрын жүргізілген. Ол келесі жылы да жалғасын табады.

Қалай десек те, талай сырды ішіне бүккен Сарайшық бүгінде «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясына» енгізіліп отыр. Бұл – жергілікті тұрғындар үшін үлкен мақтаныш.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ.

Махамбет ауданы.

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*