МҰРАТЫМЫЗ – МӘҢГІЛІК ЕЛ

Сессияға еліміздің барлық өңірлеріндегі Ассамблея мүшелері мен ардагерлері, республикалық және өңірлік этномәдени бірлестіктердің жетекшілері, Парламент депутаттары, орталық атқару органдарының, саяси партиялардың, діни бірлестіктердің, үкіметтік емес ұйым басшылары, жоғары оқу орындары ректорлары, шетелдердегі дипломатиялық миссиялар, ғылыми, шығармашылық зиялы қауым және БАҚ өкілдері қатысады. Бейбітшілік пен келісім мәселесі күн тәртібіне көтеріліп отырған алмағайып заманда бірлігімізді одан әрі нығайту маңызды. Сессия Ассамблея жұмысын жаңа белестер биігіне көтеріп, тың  талаптар жүктейді деген ойдамыз. 

Сессия отырысы қарсаңында, яғни 22-сәуір күні Мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіхалықованың қатысуымен ҚХА жұмысының бірқатар өзекті мәселелері талқыланатын Ассамблея Кеңесінің кеңейтілген мәжілісі өтеді. Өңірлерден келетін делегат-қатысушыларға арналған іс-шаралар аясында орталық мемлекеттік органдар басшыларымен, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттарымен кездесулер ұйымдастырылады. Мұндай жиындар қоғамдық келісімнің теңдессіз моделіне айналған Ассамблея жұмысына жаңа серпін береді деп ойлаймыз.

Еркін ҚАДЫРҒАЛИЕВ,

Атырау облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары – Хатшылық басшысы.

 

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*