МҰРАТЫ БИІК ЕЛ МҰРАҒАТЫН САҚТАЙДЫ

– Бүгінгі таңда қалалық мұрағаттың жаңа құжаттармен толықтырылуы жайында айта отырсаңыз?
– Күні бүгін мұрағатта 341 қор, 97018 сақтау бірлігі бар құжаттар сақталуда. Ұлттық қор құжаттарына тұрақты немесе жеке құрам құжаттары ғана емес, тарихи маңызы бар құжаттармен, сонымен қатар, жеке тектік, яғни, Кеңес Одағының Батырлары, Еңбек Ерлері, қаланың бірінші басшылары, саяси қуғын-сүргінге қатысқандар, ғылым, әдебиет, өнер, білім, денсаулық қызметтерінде еңбек сіңірген қайраткерлердің, фотоқұжаттар, бейнеқұжаттар қор құжаттарымен толықтырылуда. Мұрағат қор құжаттарын қалыптастыру, құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету және оларды пайдалану кезіндегі жұмыстардың сапалы және толыққанды жүргізілуі үшін, мұрағатшылардың жоғары кәсібилігі, терең білімділігі мен заман талабына сай жан-жақты болуы талап етіледі. Мұрағаттық терминологияны біліп қана қоймай, сонымен бірге іс жүргізуді толығымен білуге, құқықтық мәселелерді айқындай алуға, қолданыстағы заңдылықтарды бағдарлай білуге, компьютерде жұмыс істеу қабілеттілігіне ие болуын қажет етеді. Мұрағат қызметкерлерінің біліктілігін арттыру үшін оқыту бірнеше жылдар бойы мұрағаттың жұмыс жасау жоспарына және мекемелермен бірлесіп жүргізілетін жоспарға сәйкес, құжаттарды реттеу, істер номенклатурасын құрастыру, құжаттарды тұрақты сақтауға тапсыру, басқа да іс-шараларға жете көңіл бөлінеді. Сондай-ақ, қалалық мемлекеттік мұрағатының толықтырушы дереккөздері – мекемелердің мұрағатқа және іс жүргізуге жауаптылар мен мұрағат қызметкерлеріне семинарлар ұйымдастырып, тәжірибе алмасуға мүмкіндік жасалады. Мұрағат мамандары облыс көлемінде шектеліп қалмай, республикада, басқа да облыстарға барып, ұдайы тәжірибе алмасады.
– Ведомстволық мұрағаттар да құрылып жатыр ма?
– Мәселен, 2011 жылдан бері қалалық мемлекеттік мұрағаты облыс әкімінің «Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мекемелер мен ұйымдарда ведомстволық мұрағаттарды құру» қаулысын басшылыққа ала отырып, қаладағы көптеген мекеме, ұйымдарда ведомстволық мұрағаттарды құруға ықпал етті.
Мұрағат қорында аса құнды құжат базасын жинақтау мақсатында, Ұлттық мұрағат қорын толықтыру негізінде, Атырау қаласының Құрметті азаматтары, партия және қоғам қайраткерлерімен кездесу, өмір жолдары тарихын бейнелейтін көрме экспозициясы, бейнекөрсетілім іс-шаралары ұйымдастырылып, қалалық мұрағатында қоры ашылып, құжаттары алынды. Қаланың құрметті азаматтары Есен Тасқынбаев, Айдын Айбаров, Хайролла Қалжігітов, Әлібек Түсібәлиев, Ғарифолла Шәңгереев, басқа да көптеген ардагерлердің құжаттары алынып, арнайы қор жасақталды. Осылайша мұрағатшылар Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігіне – 20 жыл толуына орай мұрағат қорын жаңа құжат, жәдігерлермен толықтыруда елеулі еңбек сіңірді. 20 жыл ішінде облысымыздың тарихи оқиғалар туралы құжаттарын жинақтап, мұрағатта қор ашылып, оны жаңа құжаттармен толықтырды. Мұрағат қор құжаттары мен фотоқұжаттар негізінен 1991-2011 жылдар аралығында «Тәуелсіздік жылдарында Атырау облысының өсіп-өркендеуі» атты 21 стенд, көрмелер ұйымдастырылды. Таяуда мұрағатшыларымыз Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің өнегелі өмір жолдары мен Атырауға келу сапарын баяндайтын стенд дайындады. Мұндай маңызы зор тарихи стенд, көрмелерді ұйымдастыру жалғасын табуда.
– «Мәдени мұраға» байланысты қандай шаралар алынуда?
– «Мәдени мұра» бағдарламасын жүзеге асырып, оны жалғастыруға байланысты мұрағатта жаңа қор ашылды. Осы ретте «Тарихтың оралуы» зерттеушілер үшін облысымыздың тарихи базасын толықтыру қалыптасты.

Ғайнолла ЗИНУЛЛИН.

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*