МҰРАТТЫҢ МӘҢГІЛІК МҰРАСЫ

 

 

ӨНЕГЕ ТОЛЫ ӨМІР

КеңестіккезеңдеҚазақстанныңәраймағындағыкүйшілікмектепөкілдеріненазараударылды. Құрманғазы, Дәулеткерейденбастапкөптегенхалықкомпозиторларыныңөміріментворчествосызерттеліп, асылмұраларыжазылыпалынды, халықигілігінеайналды. Әлбетте, Қазақстандаәлідезерттелмеген, арнайызерттеудіқажетететінмұраларкөп, солардыңбіріМаңғыстаукүйлерідепкеліп, АхметЖұбанов: «Қазақстанның өзге аймақтары күйлерінен  ерекшелігі  басым   Маңғыстау күйлері, оның ішінде Өскенбай Қалманбетұлының творчествосы арнайы зерттеуді қажет етеді. Қазақстанның батыс аймақтарындағы Маңғыстау домбырашыларының өзіндік бір мектеп дәстүрін осы дәуірге ұластырған Мұрат Өскенбаев өнеріне назар аударар уақыт жетті», деп, келешекістелерістергебасаназараудараотырып, болашаққажолсілтегенойпікірлерінбілдірген.

Иә, Түркіменстандутаршылары  менБатыс  ҚазақстанМаңғыстауөңірідомбырашыларыныңнебіртамашаүлгідәстүрлерінөзбойынажинақтапқанаемес, олардыңалуантақырыптағыкүймұраларынбіздіңдәуірімізгежеткізіпжалғастырушысыдаакадемикАқаңайтқандай, таланттыкүйші, халықкомпозиторыМұратӨскенбаевболатын. ӨнердіжанжақтымеңгергенМұратӨскенбаевтыңтабиғиталантынаешкімдекүмәнкелтірмесекерек. Олөнерітұрғысынанбақыттыдарыниесіболатұғын.

Абыл, Ақтан, Тастемір, Шолтаман, Досат, Өтеулі, Жылкелді, Нұрым, Мұрын, Қашаған, Сәттіғұл, Есір, Құлшар, Сәулебай, Өскенбай, Қартбай, Шамгүлсекілдіөнерсаңлақтарыныңөлмесөнермұрасынөзбойынажинақтап, солбіригідәстүрдіжаңазаманғажеткізушілердіңбірікүйшіӨскенбайұлыМұратболды.

Аспаптықмузыкаөнерінасқан  шебер  орындаушы,   мезгіліндехалыққаақын, жыршы, термешіретіндетанылғанхалықкомпозиторыӨскенбайұлыМұратқаңтарайының 1-шіжұлдызы 1904 жылыМаңғыстауоблысыныңбұрынғыЕралықазіргіҚарақияауданы, Қарақияойпатыныңкүншығысжазықбетіндегі «Жетібайқұдығы» депаталынғанелдімекендетуыпөскен. БұлжерқазіргіЖетібайкенті.

АлтыжасындаанасықайтысболғанбалаМұратаға, іні, апаларыХамит, Ишан, ТеңгелерменбіргеәкесіӨскенбайдыңқолындатәрбиеленгенеді. ОлтуралыҚазақсоветэнциклопедиясының 9-томындақысқашамәліметжазылған.

ҮштөртжасынанәкеөнерінееліктепөскенбалаМұратүй  шаруашылығы, тұрмыстарыныңтапшылығынабайланыстыжөндісауаташуғамүмкіндігіболмайжастайынан  еңбек  майданынаараласады. ҚазантөңкерісікезіндеМұрат 13-14 жастаекен. «19-20 жасқажеткеншеәкемӨскенбайдыңқасындаболып, оныңөнердәстүрінмеңгердім. Ал, 20 жасқақараған  кезімдеалғашқыенбекжолымдыКендірлі, Фетисовтұзөндірукәсіпшіліктеріндеқарапайым  жұмысшыміндетін  атқаруданбастадым. ОданкейінмекенқонысымыздыауыстыруғабайланыстыТүркімен  ССРі  Қарабұғазсульфаткәсіпшілігінежұмысқаауыстым. Осыкәсіпшілікте 1934 жылғадейін   жұмысшы   міндетін   атқардым. 1934 жылыТүркіменССРіМәдениеткомиссариатыныңұйғарымнұсқауынабайланыстыҚарабұғазхалықтеатрынажұмысқаауыстым. Менің өнер майданына араласуым осы кезден басталады», – деген еді Мұрат.

1934-1954 жылға дейін Түркімен ССР-інде әртістік қызмет атқарған Өскенбайұлы Мұрат 1954 жылы Ахмет Жұбановтың арнайы шақыруымен Алматыдағы Жамбыл атындағы филармонияға жұмысқа ауысады, кейіннен 1960 жылдары ұйымдастырылған «Қазақконцертте» қызмет істейді. 1965 жылы құрметті демалысқа шығып, 1967 жылы туған өлкесі  Маңғыстауға оралады. Өмірінің соңғы жылдарында Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласын  мекен   өткен   Өскенбайұлы Мұрат 1982 жылы қайтыс болды.

Мұраттың өмірлік жары Тоқаш деген кісі ертерек қайтыс болады. Ол кісіден Алдаберген, Алмаш атты бір ұл, бір қыз сүйген. Оның екеуі де әке өнерін қумаған, қарапайым еңбек адамдары, Ақтау қаласында тұрады. 1970-1971 жылдардан бастап өмірінің ақырғы кезеңіне дейін бас қосқан екінші зайыбы  Нұрбалқан деген кісі көпті көрген, ақылды, есті аналардың бірі болатұғын. Ұзақ науқастан 1992 жылы дүние салды.

Мұраттың баласы Әзербай Мұратұлы Өскенбаев – әкесінің жолын қуған талантты жастардың бірі, ол орындаушылық өнерімен облыс көлеміне танымал домбырашы. Отбасы, тұрмыс жағдайларына байланысты оқып, мамандық алуға мүмкіндігі болмай, қарапайым жұмысшы міндетін атқаруда. Өнер мамандығына даярлайтын оқу орындарының бірінде оқыса, болашағынан үлкен үміт күттіретін талантты жастардың бірі боларына  күмән жоқ.

Өзі өлсе де, артына өлмес өнер мұрасын қалдырған жерлесіміз Өскенбайұлы Мұратты «сегіз қырлы бір сырлы» деп аталатын өнерпаздар қатарынан тану лайықты. Оны Қазақстан музыка мәдениетінің дамуына атсалысып, үн қосқан талант иелерінің бірі деп білуімізге болады.

Бес-алты жасынан бастап қолына домбыра алып, әртүрлі әуендерді әнге қосқан, халықпен біте қайнасып бірге өскен, оған қалтқысыз қызмет еткен Мұрат, өмірінің соңғы кезеңдеріне дейін елі үшін тынбай ән-күйімен жырлап өткені аян.

Мұраттың орындауындағы ән-күйлері мен өлең-жырлары мезгілінде Қазақстан елді мекендерін ғана емес, Қарақалпақ, Түркіменстан далаларын да  шарлаған. Оның майда қоңыр толғау, өлең, жырлары мен күйлерін Өзбекстан, Ресей жұртшылығы да талай тыңдаған. Бұл күйші, ақын өнерінің өміршеңдігі мен халықшылдығын көрсететін айғақ екенінде дау жоқ. Мұрат тек орындаушы ғана емес. Ол ең алдымен композитор, қала берді, ақын, жыршы, талантты танымал өнер қаламгерінің бірі болғаны ақиқат.

Қай жағынан алсаң да, Мұраттың талантты өнерпаз  болғаны рас. Ол Маңғыстау өңірінде өмірі өткен Абыл, Есір, Құлшар, Сәулебай, Өскенбай, Қоңыр, Қартпай секілді күйші-композиторлар дәстүрін ілгері дамытқан көнекөз соңғы серілердің бірі ретінде жан-жақты өнер иесі болатын. Мұрат сол ардагер дарындар тобындағы бір өзі отызға жуық күйлері мен жиырмадан астам толғау, терме, өлең, жырларын шығарып қалдырған  шынайы  халық   өнерпазы болғандығы ақиқат. Біріншіден, Мұрат ән, терме, өлең шығарып, сөзін жасайды (мұнда ол ақын, шайыр), екіншіден, сөзге шақтап әннің, өлеңнің мелодиясын жасайды (мұнда ол композитор). Үшіншіден, сол мелодияны тиісті музыкалық аспапқа (домбыраға) қосып ойнайды (мұнда ол орындаушы, музыкант). Ақырында  өзі  шығарған өлең, толғау, жыр мен күйлерін өзі орындайтын (мұнда ол әрі  жыршы, әрі ақын, термеші, сондай-ақ орындаушы да, композитор) болған.

ӨНЕРЛІГЕ –ӨРІС КЕҢ

Мұрат күйлері мен жыр-толғауларының «Жеңіс», «Сайлау», «Бейбіт өмір», «Қең жайлау», «Қазыналы Маңғыстау», «Республика тойына», «Еңбек өрендері» деп аталуы оның шығармаларының заманымызбен үндес туындылар екенін көрсетеді. Мұрат күйлері тақырып, идея, стиль, композиция, көркемдік форма жағынан қазіргі күй жанры төрінен үлкен орын алатын туындылар десек, артық айтқандық емес. «Қоштасу» немесе «Аттаныс», «Халықтан сәлем» күйлері Ұлы Отан соғысы кезінде кеңес жауынгерлерін неміс-фашист басқыншыларына қирата соққы беруге шақырған, ұран, үгітші күйлер қатарына жатқызсақ, «Жеңіс» күйі де – кеңес жауынгерлерінің тарихқа жазылған мәңгілік ерлігін құрметтейтін шабытты шығарма.

Бұл туындылардың қай-қайсысы да романтикаға, патриоттық сезімге толы болса, енді бір күйлерінен еркіндік, шат сезім, бейбіт тұрмыс лебі ескендей. Мұндай әсерлі күйлер қатарында «Бейбіт өмір», «Халықтар достығы», «Кең жайлау», «Өрлеу», «Сайлау», «Жастық көктем» шығармаларын атауға болады.

Мұрат шығармашылығының кемелденген тұсында туған дүниелері «Қазақстан», «Бірінші май», «Бірінші космонавт», «Ленин мәңгі жүректе» немесе «Отаным мәңгі жүректе», «Жаңарған Маңғыстау», «Жетібай», «Кұдағай», «Олимпиада-80» күйлерін айтамыз. Бұл туындылардың қай-қайсысы да қоғамымыздың мезгіліндегі жетістіктерін көрсетуге арналған, тақырыбына сай үні бар шығармалар.

«Отаным мәңгі жүректе», «Кең жайлау» секілді күйлері оның шығармашылығының  шыңы іспетті. Мұрат күйлерінің қағыстары күрделі болғанымен, көптеген күйлері тең есепте жүріп отыратын сегіз қағыспен ойналады («төмен, жоғары, төмен, төмен, жоғары, төмен, жоғары, төмен»), кейбір күйлерінде аппликатуралық қиыншылығы бар интервалдар кездеседі. Мысалы: «фа диез» бірінші октава нотасын бірінші саусақпен, екінші октава «ре» нотасын төртінші саусақпен мүлтіксіз басып орындау аппликатурасы қалыптаспаған кез келген орындаушыға қиындық келтіретініне күмән жоқ. Небір көркем шығарманың өз жазылу үлгісі болатыны сияқты, күй шығарудың да өзіндік үлгісін Мұраттың қатаң сақтағандығын оның төл шығармаларынан аңғаруыңызға болады.

Мұраттың шығармашылық өмірбаяны  1925  жылы   басталған. Ол осы жылы әкесі Өскенбайдың өмірден өткеніне байланысты «Жан ата» толғау өлеңі мен «Жан ата» атты күйді шығарған. Мұраттың «Жан ата» күйінен баланың әкеге деген нәзік сезімі, қайғылы наз, әкені жоқтау көрінісін аңғаруға болады. Мұрат Өскенбайұлы 1944 жылы Совет Армиясының жорыққа аттанып бара жатқан  жауынгерлеріне арнап «Қоштасу» немесе «Аттаныс» атты күйлерін шығарады. Бұл күйде лирика да, сыр мен қиял да, ыза мен кек те бар. Өз елін, жерін қасық қаны қалғанша жанталасып қорғайтын совет жауынгерлеріне деген тілек, талап та бар,

1945 жылы 9 майда Жеңіс күніне арнап, Отан шаттығын, кеңес  жауынгерлерінің тарих ұмытпас ерлігін Мұрат «Жеңіс» күйі арқылы шынайы суреттейді. Тыңдаушысынбірден үйіріп әкететін бұл күй қуаныш, шаттықты Ұлы Жеңіс мерекесін жарқын бейнелейді. Күйші осының бәрін қазақтың күйлерінде бұрын кездесе бермейтін тың мажорлы ладта, хроматикалық тәртіпте орналастыру арқылы жеткізеді. Шығарманың өткірлігі де, асқақ шабыттылығы да, міне, осыдан. Мұраттың «Жеңісі» өзінің сипатына қарай басынан аяғына дейін «Скерцо» тәріздес.

Мұраттың «Кең жайлау» күйін тыңдағанда жайлаудың таза ауасын жұтып, хош иісті сіміргендей боласыз. Жайлау жерінде ауыл жастары ән салып, би билеп, күй шертіп өмір бақытына бөленгендей. Табиғат, адамзат тақырыбына арналған бұл күйде лирика да, жігер де, қиял да, арман да бар.

КҮЙ ҚҰДІРЕТІ

1958 жылы Мәскеуде өткен Қазақстанның онкүндігіне қатысқан Мұрат «Өрлеу» атты күйді шығарды. Қуаныштан туындаған бұл күй Қазақ елінің мәдени  жетістіктеріне    арналған, құлаққа жағымды шығарма. Ал,  Мұраттың «Бірінші космонавт» немесе «Өрен» күйін алатын болсақ, бұл күйдің ерекшелігі – оның мелодиясының ширақтылығы мен сонылығында. Ырғақтық ерекшелігінде. Күй образды, жарқын да шабытты. Автор кеңес азаматының ерлігін шынайы суреттейді.

Мұраттың Құрманғазы мен Динаға арнаған «Құрманғазы», «Ана даңқы» Құрманғазы атындағы оркестрдің 20 жылдық тойына арнаған «Оркестр» секілді «арнау» күйлерімен қатар,  бейбітшілік, халықтар достығы, социалистік жарыс тақырыбына шығарған «Халықтар достығы», «Жарыс», «Жастық шақ» күйлері – еңбекті, бейбітшілікті дәріптейтін мелодиялар. Бұлардың сарыны күнде естіліп жүрген кеңес музыка шығармаларының айбынды, жігерлі әуендерімен қабысады.

Өскенбайұлы Мұрат 1970 жылы В.И.Лениннің 100 жылдығына арнап «Ленин мәңгі жүректе» немесе «Отаным мәңгі жүректе» атты күйін шығарды. Мұраттың бұл күйін лирикаға толы «Жыр  күйі»  десек  те  болады.  Автордың күй шығару ерекшелігі де осында жатыр. Күйді тыңдағаныңызда өте тартымды, қос ішекке тіл бітіп, сөйлеп тұрғандай өте көркем шығарма  екенін  аңғаруға болады.

Мұраттың 1965 жылы шығарған «Құдағай» атты күйі – қазақ әйелдері, аналар образын жасауға арналған өте нәзік көркем туынды. Бұл күй де – қос ішекке тіл бітіп, «Құдағай-құдағай» деп сөйлеп тұрғандай лирикалық шығарма. Мұрат өмірінің соңғы кезеңдерінде Мәскеуде өткен дүние  жүзі  жастарының  халықаралық бейбітшілік форумына арнап «Олимпиада-80» күйін шығарды. Бұл күй – патриоттық тақырыпқа арналған шабытты шығарма.

Қысқасы, автордың күй тақырыптары  әр  алуан  болып  келеді. Күй құрылыстары да бір-бірінен өзгеше, тақырыптарына сай үн беріп отырады. Мұраттың композиторлық шеберлігі де осында болса керек.

Мұрат Өскенбайұлы шығармашылығында ғана емес, орындаушылығында да өзіне тән сипаттар бар. Мысалы, Өскенбайұлы Мұрат «Ақсақ құланды» орындағанда оны сыдырта тартып шықпай, оқиға мазмұнын бөліп-бөліп көрсетеді. Ата құланның ашу-ызасы, хан баласының өлімі, оны естірте алмай үрейленіп жүрген уәзірлер, ханның баласын аза тұтуы секілді жайлар, күй сазымен бірге елес беріп тыңдаушыны еріксіз ұйытып отырады. Қандай жан болсын Мұраттың орындауында «Құлбай бақшы мен Өскенбайдың тартысы» деп аталатын төрт күйді, түркімен дутарында ойналатын «Торғай ғұшлар», «Керұғлы», «Пиала», Өскенбайдың «Шалыс өре» т.б. күйлерін тыңдағанда оның өте талантты үздік орындаушы екендігіне көз жеткізер еді. Академик Ақаң «Ғасырлар пернесі» кітабында «Мұраттың репертуарында үш жүзге жуық ірілі-уақты күйлер бар», – деп, оның күй репертуарының көптігін және алуан түрлі болғандығын мақтан етеді.  ХІХ-ХХ ғасырлардың бас кезінде өмір сүрген халық композиторлары Абыл, Есір, Еспай, Құлшар, Өскенбай, Сәулебай секілді халық өнерпаздарының творчествосынан туындаған «Аңыз», «Тарихи», «Тартыс» стиліндегі күйлермен бірге көне түркі халықтарына ортақ «62 тараулы Науаи саздары» деп аталатын эпикалық күйлер циклының бірнеше үлгісімен, «Алпыс екі тараулы Ақжелең» түрлері  т.б. Мұрат репертуарының алуантүрлілігін көрсететіні ақиқат. Сайып келгенде, Мұраттың репертуарының көптігімен ғана емес, асқан үздік орындаушылығы тұрғысынан да сирек кездесетін күйшілердің бірі  болғандығына ешкім де күмән келтірмесе керек.

Мұрат Өскенбайұлы өмірінің соңғы жылдарына дейін шығармашылықтан қол үзген жоқ. Ол өлке ақын-жырауларының үлттық  музыка  мәдениетінің  дамуына атсалысып, үн қосты. Мұраттан өнер үйренбеген күйші-өнерпаздар кемде-кем. Әлқуат Қожабергенов, Мырзақұл Панаев, Сержан Шәкіратов, Қожабеков Тілеумұрат, Орын Құлсариев, Айтберген Жаңбыршиев, Роза Айдарбаева, Әзербай Өскенбаев, Асылбек Сырлыбаев секілді өлке домбырашылары Мұрат шәкірттері қатарынан саналады. Отызға жуық күй менен ондаған терме, жыр, толғау, өлеңдердің авторы болған Мұрат 1978 жылы Қазақстан композиторларының VI съезіне делегат болып қатысты. Оның көптеген күйлері өз орындауында күй табақшаларына жазылып, халық арасына кеңінен таралған. Оның орындаушылықта, композиторлық творчествосындағы отызға жуық күйі Құрманғазы атындағы консерваториясының фольклорлық бөліміне, жүзден астамы республикалық творчество үйі мен Қазақ ССР Ғылымакадемиясының музыка секторы бөліміне,  табыс етілсе, отыздан астам күйі республикалық радио-телевизия қорына берілген.

САҢЛАҚТАР САПЫНДА

Заманында Ғарифолла Құрманғалиев,  Жүсіпбек  Елебеков, Манарбек Ержанов, Жамал Омарова, Рахия Қойшыбаева, Жаппас Қаламбаев секілді қазақ халқының көрнекті өнер шеберлерімен жұмыстас болған Өскенбайұлы Мұрат – республика музыка мәдениетінің дамуына атсалысып, үлес қосқан бірден-бір халық өнерпазы.

 Мұраттың творчествосы туралы Ахмет Жұбанов «Құрманғазы», «Ғасырлар пернесі», «Ән-күй сапары» кітаптарында жылы лебізді пікірлерін жазып қалдырған болса, белгілі жазушы Әбіш Кекілбаев «Қос қыран», профессор Қабидолла Тастанов «Советтік дәуірде туған күйлер», филология ғылымдарының кандидаты Қабиболла Сыдықов «Өнердің ақиығы», «Сегіз қырлы өнерпаз» атты көлемді мақалаларын жазды. Сондай-ақ, музыка зерттеушісі Уәли Бекенов те өз еңбектерінде Мұрат туралы тартымды пікірлерін жазған. Мұның барлығы – талантты өнерпаз мұраларының ұрпақтан-ұрпаққа қазына болып қалғанының бірден-бір кепілі.

Өнердің асылы мен жасығын айқын танитын, бірінен-бірін ажыратып бағалайтын – халық. Оның аузына ілінген ақын мен күйші өмірде ескірмейді, адамдар жадынан тысқары қалмайды.  Мәселен,  1984  жылы  Маңғыстау облыстық партия комитеті мен облыстық халық депутаттары атқару комитетінің шешімімен Жаңаөзен қаласында Мұраттың 80 жасқа толуына арналған мерейтой салтанаты болып өтті. Соған орай 1984 жылы Жаңаөзен қаласына таяу Теңге селосында Мұрат Өскенбаев атындағы көше дүниеге келсе, 1986 жылы «Жазушы» баспасынан Мұраттың «Аманат» атты өлең жинағы жарық көрді.  Ал, 1989 жылы Маңғышлақ облыстық партия комитеті мен облыстық халық депутаттары  атқару комитеті шешімі негізінде Мұраттың 85 жасқа толу мерейтойына арналған мереке салтанаты болып өтті. Соған орай Жаңаөзен қаласындағы балалар музыка мектебіне Мұрат Өскенбаев есімі берілді. 1994 жылы Жаңаөзен қаласында Мұрат  Өскенбаевтың  мүшелі  90 жасқа толу құрметіне арналған облыстық ауқымдағы өнер мерекесі болып өтті.

Ал, 1996 жылы республикамыздың «Дайк-Пресс» баспасынан тұңғыш рет жарық көрген «Мұрат Өскенбаев күйлері» жинағының тұсаукесері  облыстық деңгейде атап өтілді.  Соңы  облыс   көркемөнерпаздарының өнер байқауына ұласты.

2004 жылы Мұрат Өскенбаевтың 100 жасқа толу құрметіне арналған республикалық деңгейдегі салтанатты өнер мерекесі Ақтау қаласында өтілді. 2008 жылдан бастап Ақтау қаласындағы филармония Мұрат Өскенбаев есімімен аталып келеді.

Бұныңбарлығышынайыөнерадамдарынакөрсетілгенхалықтықсыйқұрметболсакерек. ӨскенбайұлыМұратөнертұрғысынанғанаемес, елазаматытұрғысынаналғандадаадамгершілігімол, қарапайым, ақкөңіл, елінесыйлыкісіболатын. Сондықтанда, күйшіМұратқаөлкехалқылайықтыбағасынберіп, мазмұндыда, маңыздыелдіксыйқұрметінкөрсетебілді. Бұныңбарлығыхалықөзітаңдаған, өзталғамынаншыққанөнерпаздардыкейінгіұрпаққажеткізіп, дәріптепотыратындығыныңайқынкөрінісі.

Серік ХАРЕСОВ,

музыка зерттеушісі,

Қазақстан Республикасы білім беру ісінің үздігі.

 

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*