Мұнайшылар әулетінің Мұраты

Мұнай-газ өндіру цехының басшысы Мұрат Дүйсенбаев кеніштегі кеңестен соң жұмыстың жай-жапсарын білу үшін цехтарды аралауға шықты. Сосын апталық жұмыс вахтасын әріптесі Бауыржан Нұрқабаевтан қабылдап алды. 

отандық өндіріс4

КСРО-ның Құрметті мұнайшысы, Мақат ауданының Құрметті азаматы атағына ие болған әкесі Хасан мұнайлы Ембінің кен орындарында басшылық қызметте болды. 1973-1981 жылдары «Мақатмұнай» мұнай-газ өндіру басқармасын абыройлы басқарды. Анасы Марзия Дәукенқызы зейнеткерлікке шыққанша осы  басқарманың жоспарлау-экономика бөлімінде жұмыс істеді.

Қазақ политехникалық инс-титутына түсіп, 1981 жылы «тау кен инженері» мамандығы       бойынша бітірген Мұрат еңбек жолын «Мақатмұнай» мұнай өндіру басқармасының ұңғымаларды зерттеу операторлығынан бастады. Бір жылдан соң орталық инженерлік-техникалық қызметтің технологы, тағы араға айлар салып, басқарманың №3 цехында мұнай өндіру шебері болды.

Өндірістік-техникалық бөлімнің инженері, еңбекті қорғау, қоршаған орта және экология инженері, «Сол-түстік Жолдыбай» кен орнының учаске басшысы,  «Мәтен» бірлескен кәсіпорнының менеджері. Мұнайшылар әулетінен шыққан  Мұрат Хасанұлының қызметтік баспалдақтары осылай өрбіді. Біріккен кәсіпорын құрылғаннан бүгінге дейін табан аудармай еңбек етіп келеді. Ұжымда сый-құрмет пен абырой-беделге ие болған замандасымыз соңғы он екі жылдан бері «Мәтен» кен орнының басшысы.

отандық өндіріс5

Жастарға даңғыл жол

Шыңғыс, Жәнібек, Ерлан, Есет. Кен орнында жауапты учаскелерде жүрген бұл жігіттерді өмірден түйгені мол ағалары қанатының астына алып,  тәжірибесін үйретеді. Оларға ақыл-кеңесін беруден жалыққан емес. Институт қабырғасынан алған теориялық білімді нақты өмірмен, тәжірибемен ұштастыру қашан да қажет болып тұрады.

Атырау мұнай және газ инс-титутының механика және автомобиль шаруашылығы факультетін бітірген  Есет Жан-ұзақов кейін өндірістен қол үзбей жүріп, мұнайшы инженері аталатын екінші мамандық алды. Кен алаңына жұмысқа келгеніне он төрт жыл болды. Қазіргі жер қабатын қысыммен толтыру арқылы су айдауды қадағалайтын операторлық жұмысы өзіне ұнайды. Қондыбаев Жәнібек те қос дипломды инженер. Оған он төрт күндік вахталық жұмысында бақылау-өлшеу құралдары және автоматика жабдықтарына техникалық күтiм жасау, қадағалау міндеттері жүктелген. Әуелі политехникалық колледжді, кейін Атырау мұнай және газ институты мен Өскемендегі техникалық университетті ойдағыдай тәмамдаған. 2013 жылдан бері осы цехтағы мұнай қыздыру пешінің ырғақты жұмысын жіті бақылауына ал-ған. Жер асты ұңғымасымен келетін сұйықты, мұнай мен суды 50 градус температурада қыздыру қажет.

Біріккен кәсіпорын іргесі қаланған уақыттан бері мұнда өндіріс шеберлерінің бірнеше буыны шыңдалды. Жас мамандар қанаты қатайып, кәсіби деңгейін өсірді.  Мұнай-газ өндіру цехының басшысы      Бауыржан Нұрқабаев – Атырау мұнай және газ институтының түлегі.

Бақытжан ЖҰМАТ

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*