Мұнай өндірісінде – отандық өнім

Облыстық кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының ұйымдастыруымен «Жігермұнайсервис» ЖШС-нде баспасөз туры өтті. Аталған еңбек ұжымы «Жалпыға ортақ еңбек қоғамы» идеясын ілгерілету жөніндегі іс-шаралар жоспарын орындау мақсатында атқарылып жатқан жұмыс-тарға тоқталды.

Жетіқат жер қабатының тереңіне бойлап, жерасты қазба байлығын ел игілігіне айналдыруға үлес қосқан бұл кәсіпорын мұнай және газ кеніштерін құрал-жабдықтармен қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, «қара алтын» өндірісіне арналған бұйымдарды жөндеумен айналысады. Бүгінде «Жігермұнайсервис» компаниясының өнімдері сертификатталып, барлық талаптарға сай қазақстандық кәсіпорынға айналды. Оның өнімдері шетелдерге де экспортталады. Қазір Біріккен Араб Әмірліктері, АҚШ, Ресей, Шотландия, Қытай және Италия елдерімен іскерлік байланыстар орнатылған. Зауыттың Ресейдегі филиалы сол елдегі бұрғылау компанияларына сервистік қызмет көрсетуде.

Толық нұсқасын газеттен оқи аласыз.

 

 

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*