МӘМІЛЕ МӨЛШЕРІ – 100 МИЛЛИОН

Ағымдағы жылды қоса алғанда алдағы үш жылда жалпы құны 100 миллион теңгенің жәрдемі жасалатын меморандумға қол қою рәсімі аудандық әкімдіктің залында салтанатты жағдайда өтті.
Шынымен бұл кездесуде жағымды жаңалық аз болмады. Алдағы кезеңде Дендердің минералды шикізатын өндіруге (калий тұзын) аталған корпорация мен «Гамма» компаниясы арасында келісімге қол жеткізілген. Жалпы құны 30 млрд.теңгені құрайтын жобамен «Индер-99» бен Мәтенқожа кен орындарынан өнім өндірмек. Осы кеніштерде комбинаттар мен зауыттар салынады. Корпорация төрағасы А.Тасымов мәлімдегенінде игіліктерді игеру испандық технологиямен жүзеге асатын көрінеді.
Естеріңізге сала кетейік, меморандумға қол қойған серіктестік биылдың өзінде абаттандыру жұмыстарына 11 млн. 500 мың теңге қаржы бөлмекші. Мұның ішінде Махамбет атындағы көшедегі көпқабатты (32-40 пәтерлік) тұрғын үйлер алдына балалар ойын алаңын салу да қаралған.
Үмітті қайта жаққан үшжақты меморандумға қол қойылысымен, Индербор кентінің «Жайлы» тұрғын үй кооперативінің төрағасы С.Жұқиев пен аудандық мәслихат депутаттары корпусы атынан Ж.Амантурлин аудан халқының әлеуметтік жағдайын шешуге септігі тиер келісіммен жиналғандарды құттықтады.

Сүйеу ХАЛЫҚОВ.
Индер ауданы.

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*