Мүлік және жер салықтарын төлеу мерзімі өзгерді

Атырау қалалық мемлекеттік кірістер басқармасындағы мамандардың айтуынша, осы өзгерістерді қате түсініп жатқандар бар. Осыған орай, олар қалың бұқара арасында түсінік жұмыстарын жүргізді.

U1r4XfdE9v4ZBswk-lg

Аталған басқарманың бөлім басшысы Нұрбол Салықов биыл «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодекске өзгерістер енгізілгенін айтады.

– Жеке тұлғалардан жер салығын (391-баптың 1-ші және 3-ші тармақтары) және жеке тұлғалардан мүлік салығын (409-баптың 1-ші және 7-тармақтары) есептеуді салық органдары есепті салық кезеңінен кейінгі жылдың 1 шілдесінен кешіктірмей жүргізеді. Ал, бюджетке салық төлеу есепті салық кезеңінен кейінгі жылдың 1 қазанынан кешіктірілмеуі тиіс. Бұл ретте, салық мерзімінің ішінде мүлік қожасы өзгерген жағдайда салықты қайта есептеу жойылады, – дейді ол.

Осы жылғы салық төлеуші жеке тұлғалардың дерекқоры келер жылдың шілдесіне қарай түгелдей түзетіледі. Биылғы жер және мүлік салықтары 2018 жылдың шілдесінен 1 қазанына дейін төленуі керек. Ал, көлік құралдарына салық төлеу мерзімі ағымдағы жылдың 31 желтоқсанына дейін, яғни, өзгеріссіз қалды.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*