«Мәңгілік ел зияткерлері»

Осындай атауда Атырау қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде патриоттық форум өтті. Онда облыстағы барлық мектептердің үздік оқушылары бас қосты.

%d0%b1%d0%b5%d0%b7%d1%8b%d0%bc%d1%8f%d0%bd%d0%bd%d1%8b%d0%b9

Шара барысында көңілді жадыратар сәттер көп болды. Атап айтқанда, жоғары сынып оқушылары 25 аппақ көлікпен Махамбет пен Исатай алаңына дейінгі жолды салтанатты шерумен жүріп өтті. Одан кейін, «STEM», «Робототехника», «Полиглот», «АРТ», «Актерлік шеберлік», «Қыш-құмыра жасау кәсібі», «Хореография» бағыттары бойынша интерактивті сабақтар өтті. Форум аясындағы «ашық есік күніне» қатысқан қаладағы 6 сыныптың үздік оқушыларының қуанышында шек болмады. Олардың әсерленгені соншалық, әрқайсысы Назарбаев мектебіне оқуға асығатындарын  айтты.

Айта кетейік, бұл шара бір күні бірдей уақытта еліміздің барлық өңіріндегі Назарбаев зияткерлік мектептерінде ұйымдастырылды. 20 мектептің атынан жүз оқушы аталмыш көрмеге қатысу мүмкіндігіне ие болды.

2

Шара кеззінде аудан мектептерінен келген бес оқушы Елордада өтетін  «ЕХРО-2017» халықаралық көрмеге қатысуға тегін сертификатқа ие болды. Олардың қатарында Индер ауданының Көктем қазақ орта мектебінің оқушысы Айымгүл Сайлауова, Жылыой ауданының №6 мектебінің оқушысы Қызғалдақ Саденова, Жылыой ауданының М.Сатыбалдиев атындағы мектептің оқушысы Ақшүйініш Аманжолова, Махамбет ауданының Алмалы орта мектебінің оқушысы Арухан Жұмаш, Қызылқоға ауданының Кенбай орта мектебінің оқушысы Асылбек Таңбаев бар.

%d0%ba%d0%be%d0%bf%d0%b8%d1%8f-3

Үздік оқушылар арасындағы сауалнама нәтижесінде облыстық дарынды балаларға арналған ұлттық гимназия, Ж.Досмұхамбетов атындағы облыстық лицейі, облыстық дарынды балаларға арналған мектеп-интернаты, «Білім-инновация лицейі», Н. Тілендиев атындағы Кіші өнер академиясы, №16 Ж. Қаражігітов атындағы мектеп-лицейі, №17 мектеп-лицейі, №31 мектеп-гимназиясы, №19 Қ. Сәтпаев атындағы және №6 орта мектептің оқушылары біліктіліктерімен көзге түсті.

 Гүлнар ІЗБАМБЕТОВА,

қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі.

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*