Мәңгілік ел – ұлттың ұлы мұраты

Ел егемендігін сөз еткенде Елбасы есімі қатар аталатыны сөзсіз. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың сарабдал саясатының арқасында өзге мемлекеттер сан жылдап жеткен жетістіктерді Қазақстан ширек ғасырда еңсеріп, айдай әлемге танымал болды. Қашан да басшысын ұлықтаған халық Тұңғыш Президент күнін де белгілеп, бұл датаны тарихта қалдыруды  мақсат тұтты. Осыған орай, мереке қарсаңында  белгілі тұлғаларға бірнеше сауалымызды жолдаған едік.

  1. Өткен жылдарды еске алғанда қандай маңызды қадамдарды атап өтер едіңіз? Мемлекетті қалыптастырудағы Елбасының рөлі туралы ойыңызды ортаға салсаңыз.
  2. Елбасымыз Мәңгілік ел идеясын көтерді. Тәуелсіздігіміз баянды болу үшін әр адам не істеуі керек?
  3. Елбасы күнінің маңызына тоқталсаңыз?

Қатимолла РИЗУАНОВ,

облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы:

%d0%bc____%d0%b3-%d0%b5%d0%bb-__%d0%b0%d1%82%d0%b8%d0%bc%d0%be%d0%bb%d0%bb%d0%b0-%d1%80%d0%b8%d0%b7%d1%83%d0%b0%d0%bd%d0%be%d0%b2

Ең басты қадам еліміздің Тәуелсіздігін жариялау және, сонымен қатар, бұрынғы  одақтас елдердің  тұтастығын қамтамасыз ету  үшін  Ашхабадта,  Алматыда бұрынғы   республикалардың  басшыларын жинап, Тәуелсіз мемлекеттер достастығы ұйымын құру  болды  дер  едім. Өйткені, еліміздің   бүгінгі даму үрдісі негізінен алғашқы жылдардағы  бұрынғы экономикалық тығыз байланыстарды  сақтаудың  оң әсерінен  деп  білемін.

Мемлекетімізде болған барлық қоғамдық мәні бар оқиғалар, яғни, Қазақ мемлекетінің қалыптасу әрі нығаю тарихы, экономикада реформаларды жүргізу, елдің сыртқы және ішкі саясатын жүзеге асыру – мұның бәрі Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың есімімен тығыз байланысты. Бүгінде дүниежүзілік қоғамдастық Н.Назарбаевты әлемдік деңгейдегі Көшбасшы деп таныды. Ол – татулық, қоғамдық келісім мен мемлекеттер арасындағы достыққа негізделген әлемдік тәртіп құруды берік ұстанған басшы.

«Мәңгілік ел» идеясы Қазақстанның ең биік шыңына тіккен ту  сияқты сезіледі. Бұл – халқымыздың ежелгі, бүгінгі атауларының түпқазығы, ошағы және  болашағымыздың ең жоғары межесі.  Тарих білетін және тарих  болжайтын  шеңберлерден  әлдеқайда  кең жатыр. Оның  үстіне, Елбасының  ең алғаш  Қазақ елі  идеясын  біздің Атырауда   жария еткені тек уақыттың кездесуі емес, қаймағы бұзылмаған  қазақы облысқа артқан үлкен  сенім деп түсінемін.

Тәуелсіздік, бірлік көне түркінің де – мәңгілік мұраты, «Мәңгілік ел» идеясына айналған мұрат. Сол арман жолында ішкі бірлігімізді сақтау, қасақана, арандатушылық әрекеттерге ілеспеу, лаң салушылардың жетегінде кетпеу – біз үшін басты парыз. Осы ұлы мұрат жолында әр азаматтың білімі, денсаулығы, кісілігі және кәсіби тәжірибесі маңызды. Сол адамдық қасиеттер елді өрге сүйрейді.

Тарихи шындықтардың бірі — Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстанды талай шешуі қиын дағдарыстан алып шыққан, ілгері жүруіне, дамуына жол ашқан Президент екендігі. Елбасы күні елімізді мекендеген бар халық өкілдерін топтастыруға бағытталған  және  соған  арнаған мереке деуге болады. Оны кім-кім де  бағалай білуі керек.

 

Бақытгүл ХАМЕНОВА,

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты:

%d0%bc____-%d0%b5%d0%bb-%d1%85%d0%b0%d0%bc%d0%b5%d0%bd%d0%be%d0%b2%d0%b0

Тоқсаныншы жылдардың бас кезіндегі кеңестік жүйенің жаппай ыдырауы да Қазақстанды тығырыққа тірегенін ешкім де жоққа шығара алмайды. Тәңір, Тағдыр, Тарих, Табиғат пейілі түсіп, қазақтың маңдайына берген Нұрсұлтан Әбішұлындай Елбасының кемел ақыл–ойы, керемет күш–жігерінің арқасында тәуелсіз Алаш жұрты қайта түлеп, қарыштап дамыды.

Заман өзгерді. Ел есін жиып, еңсесін көтерді. Ең бастысы тәуелсіз Қазақ елі көш түзеді. Тарихи жүгі ауыр сол көшті Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бастады. Жаңа мемлекет орнады. Әлімсақтан тәуелсіздікті көксеген әр қазақтың бірнеше ғасырлар бойғы аяулы арманы орындалды. Осы тұста тәуелсіз Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев сан буын бабалардың бүгінгі ұрпағына аманаттаған қасиетті жеріне ешкімнің сұқ көзін аларттырмай, басты байлығы–халқы мен табиғи шикізатын сақтап, шекарамызды бекітіп, батыл қорғауға алды. Алдымен, отандық экономиканы өркендетті. Елдің мәйегі, темірқазығы – «Ауыл» атты асыл қазынаны сақтап, қойнауын түлетті. Сол жылдары қамкөңіл күй кешкен қазақылықтың қайнар бесігі – ауылдың бүгінде қойнауы малға, жері дәнге толды, даңғыл жол салынып, көгілдір отын тартылды, сарқыраған су келді. Тәуелсіздіктің бақытты ұрпағы мен ауылдың қасиетін таныған орта буын өз ауылының отын түтетіп, Елбасының, Тәуелсіздіктің арқасында бір ауылды қамқорлығына алар жағдайға жетті. Қазақ елі бұрын-соңды бастап кешпеген мамыражай тірліктің, көңілге тыныштық, тоқшылық ұялатар табысты күндердің куәсіне айналды. Бұл өрлеу кезеңін ешкім де, ештеңе де жоққа шығара алмайды! Оған әлем куә, ел куә!

Ұлтты ұлы мұратқа ұйыстырған Елбасының еңбегін бағалай білу – әрбіріміздің міндетіміз! Бүгіні мен ертеңімізге Президенттің тарихи болмысы кеңінен насихатталуы керек! Бұл бағыттағы іс-шаралардың бірі ретінде еліміздің маңызды, ауқымды нысандары Елбасы есімімен аталса, бұл – халықтың біртуар перзентіне деген шексіз сый-құрметінің көрінісі болмақ. Мен бұл туралы кешегі қос палатаның отырысында да айтқан болатынмын.

Елордада тұрғызылуға ұсыныс болған «Тәуелсіздік монументі» қазақтай қайсар елдің Тәуелсіздікке дейінгі бұралаңға толы өткен жолы мен Тәуелсіздіктен кейінгі нұрлы келешегінің, яғни Ұлы Жолының дәлелі ретінде алыстан мұнартып, көз тартып тұрмақ. Сонымен бірге, Ата Заңымызда мемлекетімізді құрудағы Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бірегей үлесін атап өту жөніндегі ұсыныс та халқымыздың рухани әлеуетінің көрсеткіші деп санаймын.

«Қазақстан Республикасының 25 жылдық» тарихи күніне байланысты құнды құжат – декларация да еліміздің төрт құбыласы түгелденуі, әлемдік кеңістікте өзіндік орнын иемденуі үшін жасалған батыл қадамдардың бірегейі деп есептеймін.

Бұл атаулы дата 1991 жылы 1 желтоқсанда өткізілген Тұңғыш Президент сайлауына орайластырып таңдалып алынып отыр. Осыдан 25 жыл бұрын халық өз таңдауын анықтап, даму сатысына нық қадам жасаған болатын. Осы күні тұңғыш рет жалпыхалықтық сайлау өтті. Дүние жүзінің саяси картасында жаңа тәуелсіз мемлекет пайда болды. Оны бүгінде әлемнің барлық мемлекеттері мойындады. Жас мемлекеттің құрылуымен жаңа дәуір басталды. Бұл дәуірде Қазақстан халқы өзінің Тұңғыш Президентімен сенімді түрде алға басып барады. Әр мемлекеттік мерекенің өзінің маңызы болады. Жалпы, біз Тәуелсіздік және Елбасы ұғымын егіз десек, Тұңғыш Президент ұғымының тарихи маңызы, философиясы аса зор.

Жазып алған: Рита Өтеуғали

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*