Ұлыбританиядағы киіз үй

ЭКСПО көрмесіндегі ең ірі нысандардың біріҰлыбритания павильоны. «Энергияол біз». Павильонның тақырыбы көрменің ұранымен үндес келеді.

Ұлыбритания өзінің энергия және тау-кен саласындағы ғылыми және инженерлік мол тәжірибесімен бөлісіп, жұмыстарымен таныстырады. Мұнда аумағы 17 метрлік 40 мың пиксельді панорамалық экран қойылған.

Павильонда ерекше назарға ілігетін жоба – қазақтың киіз үйімен пішіндес шыны құрылым. Бұл құрылымда киіз үйдің 200 уық керегесі бар.

Ұлыбританиядағы киіз үй

– Керегені үш түрлі тәсілмен жағуға болады. Біріншісі – қолмен ұстау, екіншісі – шеңбер жасау арқылы. Сондай-ақ, адамның дене жылуы  да керегенің жануына ықпал етеді. Осы жарықтың арқасында киіз үйдің сыртындағы панорамадан өзгерісті байқауға болады. Бір қарағанда, панорама бейнекөрсетілім іспеттес. Алайда, киіз үйге ешкім кірмесе, панорамада да еш өзгеріс байқалмай, түнеріп тұрады. Автордың иедясы бойынша, «адам – энергия көзі». Адамның қозғалысының арқасында жарық сәулесі түседі, – дейді Ұлыбритания делегациясының өкілі Чарльз  Хенри.

Бұған қоса, Ұлыбритания ғалымдары жақында жасаған «Графен» инновациясы көпшілік назарына ұсынылуда. Бұл – жоғары технологиялық, ең жіңішке әрі аса күшті материал. Оның диаметрі адам шашынан бір миллион есе жіңішке. Өзінің бірегей құрылымынан графен темірден күшті және таңғаларлықтай иілгіш болып келеді.

– Графен тоқ өткізгіштігі жоғары болғандықтан, шамдар аса ысымайды. Тіпті қолмен ұстауға да болады. Сондай-ақ, электр қуатын өте аз қолданады. Ауа мен суды тазарту үшін де графен пайдаланылады, – дейді павильон мамандары.

Бұл жобаны 2004 жылы Манчестер университетінің ғалымдары Сэр Андре Гейм мен Константин Новоселов ойлап тапқан. Қос ғалым жабысқақ лентамен бірнеше графит үгінділерін аршыған. Сөйтіп, кейбір үгінділердің басқаларына қарағанда жіңішкелеу болғанын байқайды. Бұл үдерісті үгінділер бір атомдық жіңішкелікке дейін ұнтақтап, алғаш рет графенді оқшауландырды. Алты жыл өткен соң ғалымдар осы жаңалығы үшін Нобель сыйлығына ие болған. Қазіргі таңда аталған универсиетте графен және 2D материалдарды зерттеу бойынша жұмыстар жалғастырылуда.

Энергетиканың тоғыз  кереметі

Тайланд павильонының нышаны – «Т» әрпі түрінде берілген. Мұндағы Sala Thai тұжырымдамасы қолжетімді биоэнергияны меңзейді. Тайланд қазба отынға тәуелділікті азайтуға қатысты ноу-хауды көрсетіп, осы тұжырымдама аясында қоршаған ортаның тұрақты сақталу идеясын ұсынуды жөн санапты. Павильон, сондай-ақ, Тайландтың жаңартылған энергия мен биоэнергияны дамыту саласындағы қабілет-қарымын да көрсетеді.

Павильон стендшілері Тайландтың тарихы мен жалпы сипаты, әсем табиғаты, табиғи байлықтары, энергетикалық әлеуеті, халықтың өмір салты жөнінде жан-жақты ақпараттар береді.

Мұндағы мамандардың айтуынша, «Пха-Ланг» деп аталатын бойтұмар – қуат, күш және қуат өндіру қабілетінің белгісі, жаңартылған қайнар көздерден қуат алуды меңзейтін болашақ энергетикасы идеяларының көрінісі. Бойтұмарды жасаушылар өсімдік дәніне қарап шабыттанған.

Ұлыбританиядағы киіз үй-2

Ал, «Энергетиканың 9 кереметі» зертханасында биомасса мен биоотын өндіруде қант құрағы, эвкалипт, резина, тез өсетін шөп, күріш, жүгері, қи, тапиока және пальма ағашы қолданылады. Мұнда басты назар энергияның ауыл шаруашылығындағы жаңартылатын қайнар көздеріне аударылады. Осыған орай, туристер жер өңдеу арқылы алынатын, күнделікті өмірде қолдануға болатын қуаттың қасиеттері туралы біле алады. Идея таңғажайып мультимедия технологияларының көмегімен ұсынылады.

«ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесінде 1 миллион 500 мыңыншы келуші тіркелді. Айта кетсек, көрмеге миллионыншы адам 11 шілдеде тіркелген болатын. 

Қолда бар мәліметтерге сүйенсек, шілденің 1723-і күндері аралығында көрмені тамашалауға келген адамдар саны 285 300-ге жеткен. Демек, орта есеппен алғанда бір күнде 40 757 адамды қабылдаған. Ал, көрме жұмысын бастаған алғашқы аптада күніне 23 мыңдай адам келген.

Көрермені ең көп көрмелер санатында Африка, Египет, Үндістан, Ресей, Түркия, Жапония, Сауд Арабиясы және Өзбекстан, Тайланд, Түркіменстан павильондары көш бастап тұр.

Айгүл  ЕРТІЛЕУ.

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*