ҰЛЫ МЕРЕКЕНІҢ ҰЛЫҚ МӘНІ

Кей  деректерде Наурыз мейрамы бұдан үш мың жыл бұрын пайда болғандығы айтылады. Яғни, 21 наурыздан 22 наурызға қараған түні күн мен түн теңеледі. Бұл мерекені Орталық Азия, Таяу Шығыс және Қап тауының баурайындағы мұсылмандар тойлайды. Сонымен қатар, ТМД елдерінде Наурыз татарлардың, башқұрттардың, қырғыздар мен қазақтардың, тәжіктер мен өзбектердің ұлттық мейрамы болып табылады деседі. Осылайша, Ұлыстың Ұлы күнiн бiреулері түркi халықтарына, екіншілері мұсылман елдерiне тән мереке деп жазады. Дұрысы, күн мен түннiң теңелiп, Табиғат-ана жаңғыратын, Жер бетiндегi бар тiршiлiк иесiмен бiрге уақыт та жаңаратын мезгiл күллi әлемге жат емес екен. Осыдан бірнеше мыңжылдық бұрын күн мен түннiң теңелген сәтi жер жүзiнде жаппай тойланғаны айтылады. Әрине, мереке әр халықтың салт-дәстүріне, өркениетіне, бастан кешкен тарихи тағдырына сай өзгерiп отырған.Біз оны қалай тойлап жүрміз? Бүкіл Қазақстан халқын бір идеяның аясында ұйыту, ортақ мақсатқа топтастыру, жұмылдыру мәселесі күн тәртібіне шыққан қазіргі кезеңде бабалар дәстүрімен жалғасқан Наурыз мерекесінің маңызын ұрпаққа сіңіру үшін бұл күн қалай атап өтілуі керек? Наурыз мейрамын тойлаудың бүгінгі салтын шын мәнінде мемлекеттік мереке санатына жатқыза аламыз ба?

 

Толық нұсқасын газеттен оқи аласыздар.

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*