ҰЛЫ ЕРЛІК ҰМЫТЫЛМАЙДЫ

Мерейлі мейрам – қан майданда парыз бен намысты алға қойып, елі мен жерінің бостандығы үшін жан аямай, қара ниет жауға төтеп берген, табанды да қайсар мінезді жауынгерлеріміздің және тылда тынымсыз еңбек еткен ағаларымыз бен апаларымыздың биік рухының, жанқияр ерлігінің, еңселі елдігінің арқасында Жеңіс жалауы желбіреген күн.
Бүгінгі тәуелсіздік тұғырының берік, еңсеміздің биік болуы, еліміздің өркендеуі мен туған өлкеміздің гүлденуі де – осынау мерекенің жемісі.
Ардагерлеріміз бейбіт өмір мен ұрпақтың бақытты болашағы үшін отқа түсіп, қайғы-қасірет шекті, небір ауыртпалыққа төтеп берді. Отанға деген шынайы патриоттық сезімнің арқасында бәрін жеңіп, мұқалмас қажыр-қайрат пен батырлықтың хас үлгісін көрсеткен жанкешті еңбектері ұрпақтан-ұрпаққа өшпес өнеге болуда. Біздер сол қаһармандық пен қайсарлықтан тәрбие алып, бой түзейміз, тағзым етіп, бас иеміз.
Баршаңыздың дендеріңізге саулық, шаңырақтарыңызға шаттық, бақ пен береке тілеймін!

Ізгі ниетпен,
Атырау қаласының әкімі С.АЙДАРБЕКОВ.

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*