«Ұлтыңды ойласаң – рухты ұл тәрбиеле!»

Бүгінде ұл бала тәрбиесіне назар аударып, қоғамда және отбасында ер азаматтардың мәртебесін арттыру қажет. Осы мақсатта Мақат аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен «Ұлтыңды ойласаң – рухты  ұл  тәрбиеле!» тақырыбында облыстық семинар-байқау өтті.

1463550213_f4c1bjbyxzo-kopiya

Жиынға білім беру бөлімінің әдіскерлері, мектеп директорларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, әкелер қоғамының мүшелері, ішкі істер бөлімінің инспекторлары, жоғары сынып оқушылары мен ата-аналар қатысты. Ұлдар тәрбиесі бағытындағы жұмыстарға басымдылық берілген шараны облыстық білім беру басқармасының әдістемелік кабинетінің бөлім басшысы Зина Ізтелеуова ашып, жобаның мақсаты мен маңызына тоқталды.  Ал, аудандық білім бөлімінің басшысы Алмабек Абдолов барлық қатысушыларға сәттілік тілеп, алғыс білдірді.

Ер баланың тәрбиесіне қатысты сауалдар төңірегінде тренинг ұйымдастырып, әке мен бала арасында пікірталастар арқылы толғандыратын тақырыптарға сәйкес ой өрбіді. Жеткіншекке ой салардай  көріністер көрсетіліп, оқушылар көрермендер ықыласына бөленді. «Ата көрген оқ жонар»  тақырыбында ұл балалар арасында топтық жұмыстар, саптық дайындықтардан көріністер көрсетіліп, оқушылардың орындауындағы музыкалық композициялармен аяқталды.

Алтыншаш НӘСІПҚАЛИҚЫЗЫ,

Мақат ауданы.

 

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*