Ұлттық рухтың салтанаты

Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай еліміздің ширек ғасыр ішінде қол жеткізген табыстарын ұрпақтан-ұрпаққа жеткізуді, халық арасында насихаттауды мақсат тұтқан «Қуатты өңір – қуатты Қазақстан» атты мега-жоба көршілес Исатай ауданынан, Махамбет топырағына да келіп жетті.

%d0%b1%d0%b0%d1%81%d1%82%d1%8b-%d1%82%d0%b0%d0%ba%d1%8b%d1%80%d1%8b%d0%bf-%d1%82%d3%99%d1%83%d0%b5%d0%bb%d1%81%d1%96%d0%b7%d0%b4%d1%96%d0%ba-%d0%b1%d0%b5%d1%80%d0%b5%d0%ba%d0%b5%d0%bb%d1%96-%d0%b1

Эстафетаны жеткізуші исатайлық ағайындарды махамбеттіктер Бақсай елді мекенінен қазақы салт-дәстүрмен құрметтеп күтіп алды. Аудан әкімінің орынбасары Азамат Айманакумов мәртебелі меймандарға «қош келдіңіз» айтқан соң, Исатай ауданының әкімі Тұрарбек Сұлтанбеков Тәуелсіздіктің символикалық эстафетасын ауданның Құрметті азаматы Ұзақбай Төлегеновке табыстады.

Эстафетаны жалғастырушыларды Махамбет селосының орталық алаңынан жас спортшылар мен велошабандоздар, көк Туды желбіреткен автокөліктер шеруі қарсы алды. Ардагер Ұзақбай Төлегенов мега-жоба эстафетасын жас мемлекеттік қызметкер, Тәуелсіздіктің төл құрдасы Сейіл-бек Зұлқашевқа жолдады. Осы кезде алаңға алты алаштың айбынды қос батыры – Махамбет пен Исатайды сомдаған өнерлі жігіттер шығып, тәуелсіздік туралы толғауларын айтты. Эстафета тұғыры да соларға жолданды.

Шара одан әрі аудандық «Өнерпаз» мәдениет үйінде жалғасын тапты. «Қуатты өңір – қуатты Қазақстан» мега-жобасына арналған «Өркен жайған – туған өлкем!» атты салтанатты шараның шымылдығы Э.Файзуллаеваның режиссерлігімен әрленген ақын Темірхан Медетбектің «Көк түріктер сарыны» қойылымымен ашылды. Аталмыш жоба аясында махамбеттіктерді Тәуелсіздіктің ширек ғасырлық тойымен құттықтау үшін мінбеге облыс әкімінің орынбасары Әлібек Нәутиев көтерілді.

– Ғасыр баламасымен қарасақ, 25 жыл – өте аз уақыт. Осы кезең ішінде жас мемлекетіміз үлкен жетістіктерге қол жеткізіп үлгерді. Залда отырған аға буын өкілдері тәуелсіздіктің алғашқы жылдарындағы қиындықтарды көзімен көрген жандар. Сол қиыншылықтардың барлығы қазір артта қалды. Егеменді еліміз дүние жүзі елдерінің ішінен алғашқы болып атом қаруын сынаудан бас тартып, өзінің ең бейбітшіл ел екенін дәлелдеді.

%d0%b1%d0%b0%d1%81%d1%82%d1%8b-%d1%82%d0%b0%d0%ba%d1%8b%d1%80%d1%8b%d0%bf-%d1%82%d3%99%d1%83%d0%b5%d0%bb%d1%81%d1%96%d0%b7%d0%b4%d1%96%d0%ba-%d0%b1%d0%b5%d1%80%d0%b5%d0%ba%d0%b5%d0%bb%d1%96-%d0%b1

Жүзден астам өзге ұлт өкілдерін бауырына басқан үлкен мемлекет ретінде төрткүл дүниеге танылды. Әлемнің алдыңғы қатарлы отыз елінің қатарына ену жолында ұлан-ғайыр жұмыстар жасалуда. Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында Атырау өңірінде атқарылған істерді, әр елді мекендегі жағдайларды зерделеу, халыққа егемендіктің қадір-қасиетін түсіндіру мақсатында осы мега-жоба басталғанын білесіздер. Міне, «Қуатты өңір – қуатты Қазақстан» эстафетасы бүгін үшінші ауданға ат басын тіреді. Баршаңызды облыс әкімі Нұрлан Асқарұлы Ноғаевтың атынан тағы да Тәуелсіздік тойымен құттықтауға рұқсат етіңіздер! Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын! – деді Әлібек Ибатоллаұлы.

Одан әрі эстафета белгісін тапсыру және қабылдап алу үшін сахнаға Исатай ауданының әкімі Тұрарбек Сұлтанбеков пен Махамбет ауданы әкімінің міндетін атқарушы Мәлік Аманов шақырылды.

– Азаттығымыздың ақ таңының атқанына 25 жыл толуына орай басталған мега- жобаның эстафетасы бүгін көршілес Махамбет ауданына жетті. Осынау тарихи қысқа кезеңде еліміз ауыз толтырып айтарлықтай жетістіктерді еншілеп үлгерді. Оған Исатай мен Махамбеттің есімін иеленген қос ауданның бүгінгі тыныс-тіршілігі, әлеуметтік даму қарқыны куә деп есептеймін. Біздер, көршілес әрі еншілес жатқан екі аудан  тұрғындары, әрқашан бір-біріміздің жетістігімізге қуанып жүреміз. Махамбет ауданында атқарылып жатқан жобаларды көріп қызығамыз. Сіздерге мега-жобаның символикалық эстафетасын жеткізе отырып, исатайлықтардың ыстық сәлемін қабыл алуларыңызды сұраймын, – деген Тұрарбек Ғайнеденұлы эстафета белгісін және Исатай ауданы әкімінің Құттықтау хаты мен ескерткіш сыйлығын табыстады. Өз кезегінде Мәлік Аманов та Исатай ауданы әкіміне Махамбет ауданы әкімінің атынан Тілек хат ұсынды.

%d0%b1%d0%b0%d1%81%d1%82%d1%8b-%d1%82%d0%b0%d0%ba%d1%8b%d1%80%d1%8b%d0%bf-%d1%82%d3%99%d1%83%d0%b5%d0%bb%d1%81%d1%96%d0%b7%d0%b4%d1%96%d0%ba-%d0%b1%d0%b5%d1%80%d0%b5%d0%ba%d0%b5%d0%bb%d1%96-%d0%b1

– Баршаңызды келе жатқан дүбірлі  той – ел Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерекесімен құттықтаймын. Елбасымыз Н.Назарбаевтың «Мәңгілік ел» ұлттық идеясының құндылықтарын жүзеге асыру мақсатындағы «Қуатты өңір – қуатты Қазақстан» мега-жобасы киелі Махамбет топырағына да келіп жетті. Бұл шараның мақсаты – еліміздің тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктерін паш ету, біртектілік пен бірлікті нығайту және егемен еліміздің жарқын істерін халық арасында кеңінен насихаттау. Ауылы аралас, қойы қоралас көршілес қос аудан да осы ширек ғасыр ішінде толымды жетістіктерге қол жеткізді. Жаңадан салынған тұрғын үйлер, көрікті нысандар, балабақшалар, мәдениет үйлері бой көтерді. Үдемелі индустриалды-инновациялық даму бағдарламалары аясында көптеген тың жобалар жүзеге асырылып, жүздеген жаңа жұмыс орындары іске қосылды.

Елбасымыздың іссапармен Махамбет ауданында төрт мәрте болуы – біздер үшін үлкен абырой, зор мәртебе. Ынтымақты ұран, татулықты ту еткен осы жылдар ішінде мемлекеттің қарқынды дамуы тұрақты саясат пен ішкі бірліктің арқасы екені дәлелденіп келеді. Қазақстанды қазір бүкіл әлем мойындады. Рухы биік, намысы берік бабаларымыздың ғасырлар бойғы асыл мұраты –азаттықты аялау, тағдыры ортақ халқымыздың татулығын сақтау. Бірлігіміз бекем, тірлігіміз тиянақты болсын! Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік болғай, ағайын! – деді, – Мәлік Хайдарұлы. Ол бұдан кейін көп балалы аналар – Ақтоғай, Сарайшық ауылдарының тұрғындары Зәмзәгүл Қыстау- баева мен Күлән Бержанованы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен берілген «Алтын алқа» медалімен марапаттады.

Мега-жоба аясында отау құрғандарына 25 жыл толған «күміс той» иелері махамбеттік Иван және Любовь Чечиндерге, жалғансайлық Қуаныш Мырзағалиұлы мен жұбайы Гүлнар Аязбайқызына аудан әкімінің Құттықтау хаты табыс етілді. Сондай-ақ, бір топ тәуелсіздік құрдастары «Қызғалдақ» балабақшасының би жетекшісі Білім Аруева, Еңбекшіл негізгі мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Мөлдір Ізімова, Жалғансай орта мектебінің тарих пәні мұғалімі Рыскелді Қалданбеков, Батыс өңірлік қолбасшылығына қарасты 41433 әскери бөлімінің арнайы мақсаттағы террорға қарсы атқыштар бөлімшесінің командирі Атагелді Құрманберлиев, ауданның белсенді спортшысы Данияр Мырзағалиев, «Сарайшық» ЖШС директоры Тамила Розметова, Қ.Қарашаұлы атындағы орта мектептің дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Аслан Сәнкібаев, аудандық «Жайық шұғыласы» газетінің тілшісі Балнұр Сапарова, Халық банкі бөлімшесінің аға менеджері Болатбек Көшәлиев, Талдыкөл мектеп-балабақша кешенінің музыка пәнінің мұғалімі Сәрсенбай Иманғазиев, аудандық орталық аурухананың дәрігер аудиті Гүлмира Жылқыбаевалар да аудан әкімі атынан марапаттарға ие болды.

Баян СҮЙЕУОВА,

Махамбет ауданы.

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*