Ұлт намысы – қыздарымызда

Газетімізден қыздар тәрбиесі туралы оқып, қолыма қалам алдым. Рас, қазір жаңа заман, жаңа адамдар. Біздің кезіміздегі қыздар мен бүгінгі қыздарды салыстыруға да келмейді. Қазіргі күнде адамдар көшеден қандай көрініс көрсе де, таңырқамайтын күйге жетті. Темекі шегіп, сыра ішіп, жігітке  жабысып  келе жатқан қызды көрсе де, үйреншікті жағдай ретінде қабылдайды. Мұның  бәрі  қайдан келді? Меніңше, бейәдеп кинолар мен бейәдеп бейнероликтер көрсететін телеканалдардан, әлеуметтік желілерден, ақыр соңында қыздарын қадағаламайтын аналардан, әпкелерден келді.

22434012vwy46s2um4pyup

Аталарымыз «Қызға қырық үйден тыйым» деп тектен-тек айтқан жоқ. Намысымыз болса, қыздарымызға тәлімді тәрбие беруге тырысайық. Өйткені, қылықты қыз –  көркіміз, ақылды қыз – қымбат дүниеміз, арлы қыз – абыройымыз!

Жарылған СӘРСЕН,

білім беру саласының ардагері,

Атырау қаласы.

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*