Құлсарылық 4 млн. теңге жымқырған алаяқ әйел ақыры 3 жылға сотталды

Атырауда қарапайым қала тұрғындарын Құлсарыдан арзан бағасына басыбайлы баспана алып беремін деп алдап келген алаяқ әйелдің қылмыстық құқық бұзушылықтары туралы осы уақытқа дейін де жазған едік. Бірнеше эпизод бойынша айыпталып, сотта ісі қаралып жатса да алаяқтығынан арылмай, «кәсібін» жалғастырған оның ісіне жақында түпкілікті соңғы нүкте қойылды.

court

Аудандық прокуратураның прокуроры Ж.Омаровтың хабарлауынша, бірнеше мәрте заңның ала жібін аттаған алаяқ А-ның кесірінен азаматтарға 4 млн 500 мың теңгенің көлемінде материалдық залал келтірілген. Өткен тамыз айында аудандық сотта алаяқ әйелдің үстінен қаралған істер бойынша тағы бір сот отырысы болып өтті. Бұл қылмыстық процесс үстінде заң оны маңдайынан сипай қоймады. Осыған дейін шартты түрде сотталған айыпкерді сот Қылмыстық кодекстің 190-бабымен кінәлі деп таныды. Сөйтіп, оған түпкілікті жаза ретінде қылмыстық жолмен табылған қаражатқа сатып алынған мүлкін тәркілей отырып, 3 жыл мерзімге бас бостандығынан айыруға үкім етті.

Ербол БИСЕКЕНҰЛЫ.

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*