Құлсарыда жедел басқару орталығы салынып жатыр

Жылыой ауданының орталығы – Құлсары қаласында жедел басқару орталығы салынып жатыр. Құрылыс жұмыстары аудандық ішкі істер бөлімінің маңында жүргізілуде.

190113-8

Жылыой аудандық әкімдігінің тапсырысы бойынша қолға алынған нысанда полиция қызметкерлері Құлсары қаласындағы көшелердің жол қозғалысы тәртібін арнаулы бейнебақылау қондырғысы арқылы қадағалап отыратын болады.

Аудан әкімінің орынбасары Нұрадин Өмірбаевтың айтуынша, жедел басқару орталығы келер жылдың көктемінде пайдалануға беріледі деп күтілуде. Содан соң, қалада 100-ге тарта бейбақылау қондырғысы орнатылатын болады.

Ал, аудандық ішкі істер бөлімінің әкімшілік полиция бөлімшесінің автоинспекторы Қасым Оспановтың мәлімдеуінше, бейнебақылау түрлі құқық бұзушылықты анықтау, оның алдын алу үшін таптырмайтын құрал. Атап айтқанда, ол қылмыс көп орын алатын түнгі ойын-сауық орындарының маңына, қараңғы көшелердің бойына қондырылады. Сондай-ақ, төрт жолдың торабында орналасқан жеті көшенің тұсына бағдаршамдар да бой түземек.

Ербол Қошақанов

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*