Құлсарыдағы қос балабақша

Астананың 20 жылдық мерейтойы қарсаңында Құлсары қаласында екі әлеуметтік нысан пайдалануға берілді. Алдымен «Барлаушылар» шағынауданында 290 балаға арналған «Бүлдіршін» балабақшасының ашылу салтанаты өтті.

????????????????????????????????????

«Баланы бесіктен» деп қазақ халқы бекер айтпаған. Елін сүюге, имандылыққа, қазақ тілін қадір тұтуға үйретудің маңызы зор. Осы қасиеттерді «Бүлдіршін» балабақшасының тәрбиешілері балалардың бойына сіңіру бағытында жұмыс жасайтынына сенімдіміз», – деді Жылыой ауданының әкімі Азамат Бекет.

«Теңізшевройл» ЖШС-нің менеджері Рама Кантамнини компанияның әлеуметтік қолдауы туралы баяндады. «Орлан» ЖШС-нің бас директоры Кенжебек Мырзағалиев  жаңа ғимараттың символикалық кілтін балабақша басшысына табыс етті. Талапқа сай жатын, ойын бөлмелерімен, қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген балабақшада бүлдіршіндердің тәлім-тәрбие алуына барлық жағдай жасалған.

Құлсарыдағы екінші қуаныш – «Автожолшылар» шағынауданындағы 290 орындық «Шұғыла» балабақшасының ашылуы. Бұл балабақша да ТШО-ның  «Игілік» бағдарламасы аясында бой көтерді.

Қайрат ДҮЙСЕНБЕТОВ,

Суретті түсірген: Айзада ДОЛЫБЕКОВА.

Жылыой ауданы.

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*