Құлсары көшесінде тыр жалаңаш жүрген ер адамның жеке басы анықталды (ВИДЕО)

Атырау облысының Құлсары қаласында көшеде тыр жалаңаш жүрген ер адам құрықталды. Жаға ұстатарлық жағдай 21 қазан, яғни сенбі күні болған.

Бүгінде осы оқиғаға қатысты видео әлеуметтік желіде кеңінен тарап кеткен. Бейнематериалда жігіттің тал түсте көшеде тыр жалаңаш жүргені анық көрінеді.

Осы орайда, Жылыой аудандық ішкі істер бөлімінің қызметкерлері дереу жұмысқа кірісіп, қоғамдық орында тәртіп бұзған жігітті құрықтаған. Қазіргі таңда оның жеке басы анықталып отыр. Ол – 1987 жылы дүниеге келген Батыс Қазақстан облысының тумасы. Құлсарыдағы компаниялардың бірінде сантехник болып жұмыс істейді екен. Тәртіп бұзған кезде мас күйінде болған.

Қазіргі таңда Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекстің 440-інші бабы бойынша хаттама толтырылып, іс сотқа жолданған.

Айдос Қарабала

Видео Youtube әлеуметтік желісінен алынған

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*