ҮЛКЕНГЕ ҚҰРМЕТ – ҰРПАҚҚА МИРАС

Кездесу барысында Т.Сыздықов Коммунистік Халықтық партиясы қызметінің басты қағидаттарына тоқталып өтті.

Ол кездесу барысында «Коммунистік Халықтық партиясы қызметінің негізінде – тұтас, бірізді ғылыми дүниетанымға сүйенген марксизм-ленинизм идеялары жатыр деп баяндады.

«Біз бейбітшілікте және келісімде тұрып келеміз. Бұл келешекке берілетін қазіргі жалпы адамдық құндылықтар болып табылады. Бұл – біз тәрбие алған халқымыздың дәстүрлері. Тарихи қонақжайлық, мейірбандық, отбасылық құндылықтар және үлкендерді құрметтеу – ұрпақтарға мирас болып келе жатқан қасиеттер. Осының барлығы біздің жерде қалыптасқан келісімдік және жаңашылдық атмосферасын маңызды мазмұнмен толтырады. Сондықтан, қазір тұрақтылық пен өркендеу аса терең мазмұн мен мағынаға ие. Біздің есірткіге тәуелсіз, жағымсыз батыстың стереотипінен еркін, тәні сау жастарымыз біздің басымдылығымыз болып табылады. Материализм, экономикалық ілім және ғылыми коммунизм теориясы марксизмді құраушы басты бөлімдер болып табылады. Марксизм ғылымды дамытудағы жаңашылдықтар мен жаңа мәліметтерді тарату негізінде үздіксіз дамып, жетіліп отыратын шығармашылық білім болып табылады», – деп атап өтті Т.Сыздықов.

Сонымен қатар, Тұрғын Сыздықов кездесуге қатысушылармен қазіргі заманғы батыстық мәдениет құндылықтарының көлеңкелі жақтары туралы сұхбаттасты.

* * *

ҚР Президенттігіне кандидат Т.Сыздықовтың Атырау қаласындағы сайлауалды штабы атқарылып жатқан жұмыстары туралы есеп берді.

Насихат жұмыстарының барысы туралы Атырау облысы бойынша сайлауалды штабының жетекшісі айтып берді. Ол Атырау облысы сайлауалды штабының қарқынды ақпараттық қызметі туралы баяндады. Штаб жетекшісінің айтуынша, насихат жұмыстары жүргізіліп, студенттер және еңбекші ұжымдарымен кездесулер ұйымдастырылуда. Сонымен қатар, ол штаб кеңсесі журналистер және бақылаушылар үшін әрдайым ашық, үгіт-насихат материалдары жеткілікті және кандидаттың сайлауалды тобының мүшелері керекті кеңестерді беруге әзір екендігін айтты. Кандидат Т.Сыздықовтың сенімді тұлғасы сайлауалды тұғырнаманың басты бағыттарына тоқталды.

Сонымен қатар, атқарылған жұмыстары туралы Қызылорда облысы сайлауалды штабының жетекшісі Т.Телеубаев баяндады. Қазіргі таңда насихат жұмыстары облыстың барлық аудандарын қамтуда. Тұрғындармен кездесулер үнемі өткізілуде, оларға өзінің маңыздылығын жоймайтын марксизм-ленинизм идеясының негіздері түсіндірілуде.

* * *

Аумақтық штабтардың жетекшілері әртүрлі халықтардың арасындағы бейбітшілік пен келісімдікті қамтамасыз ететін жалпы адамдық құндылықтардың маңыздылығын атап өтті.

Батыс Қазақстан Облыстық комитеті жетекшісі С.Ярлыгасымов былай деп мәлім етті: «ҚКХП ұсынған ҚР Президенттігіне кандидат Т.Сыздықовтың сайлауалды науқанының жоспарына сәйкес, сайлаушылар арасында үгіт-насихат жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Үгіт-насихат жұмыстары штаттық жоспарға сәйкес, ешқандай кедергілерсіз өтуде. Жергілікті халықпен кездесіп, кандидаттың сайлауалды бағдарламасын белсенді түсіндіріп жатырмыз».

* * *

Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидат Тұрғын Сыздықов өзінің сайлауалды насихаты аясында Ақкөл қаласының тұрғындарымен кездесу өткізді.

Кездесу барысында Т.Сыздықов партияның жұмысына және өзінің сайлауалды тұғырнамасының басты қағидаттарына тоқталып өтті.

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*