LG смартфондарын неге таңдау керек?

Егер сіз үшін смартфон байланыс құралы ғана емес, өзіндік ерекше орны бар болса, онда сізге ерекшелігі, түсі, мүмкіндігі және қол жетімділігі тұрғысынан сәйкес келетін LG G7 ThinQ моделіне назар аударуыңызды ұсынамыз. Оның себебін түсіндіріп көрелік.

 

Без имени-1

 

Экраны

Сіз телефоныңызды күндіз жарық күнде пайдаланып көрдіңіз бе? Мысалы, Instagram-ды парақтаған кезде? Бұндай жағдайда күн сәулесіне экран шағылысып, суреттер нашар көрінеді. LG G7 осы брендтің барлық үлгісінің ішіндегі дисплейі ең көрнекі және айқыны осы, жарықтығы 1000 нитке жетеді (экран айқындылығының өлшем бірлігі), яғни өте жарық кезде де әлеуметтік желілерде өзіңізге ұнағанды оқып, видео көруге немесе парақшамен танысуға өте ыңғайлы. Жүйе жарық түрін және сапасын автоматты түрде анықтайды және жарық пен түсті қоршаған ортаға қарай реттейді. Құрылғыны қолмен реттейтін мүмкіндігіңіз болса, экранды баптаудың түрлі тәсілін таба аласыз.

 

Камерасы

Смартфон екі негізгі камерамен жабдықталған. Екінші камерада кең бұрышты объектив бар. Мұндай камерамен бір топ адамды суретке түсіруге болады, ең шетте тұрған адамның өзін қамтиды. Тағы бір ерекшелігі – бұл «интеллектуал камера». Бұл функция объективте түрлі объектіні өз бетінше анықтайды және түсірудің 19 сценарийін: адам, жан–жануар, ас, күн шығуы, қала, макро, аспан және басқасын ажырататын оңтайлы түсіру режимін таңдайды. Мұндай фотокамерамен сурет әдемі түсіріледі, сондықтан әлеуметтік желілердегі парақшаңыздағы түрлі-түсті суреттер жұрттың назарын аударатын болады.

 

Дыбысы

LG инженерлері жаңа смартфонның дыбыс мүмкіндіктерін жақсартты. Біріншіден, G7-де Boombox деп аталатын қатты дауыс зорайтқыш бар. Резонатордың көлемі бұрынғы LG смартфондарына қарағанда 17 есе көп, соның арқасында дыбыс жоғары және кең болып шығады. Екіншіден, смартфон DTS-X Virtual Surround Sound технологиясымен қуатты дыбыс түрлендіргішті (музыкалық процессор) пайдаланады. Осының арқасында G7 құлаққап пайдаланғанда да қатты және анық дыбыс шығарады. Әзірлеушілер дыбыстық параметрлердің икемді жүйесін жасады. Фильм көресіз бе? Тиісті режимді орнатыңыз  да, рахаттанып көріңіз. Диктофонды жиі пайдаланатын адамдар үшін инженерлер смартфонды сөйлеген сөзді танитын жаңа жүйемен жабдықтады. Өте шулы жерде смартфон дауысты анық бөліп, шуды жояды. Журналистер немесе бейне блогерлер үшін өте ыңғайлы.

 

Өнімділігі

Өнімділігі қарапайым. G7 қазіргі кезде Android-смартфондарға арналған ең қуатты Snapdragon 845 процессорымен жабдықталған. Бұл заманауи 3D ойындар мен қосымшалар үшін өте ыңғайлы. Танымал PUBG немесе World of Tanks Blitz смартфон жоғары деңгейде секундына 50-60 кадрды ұстайды, яғни сурет бірқалыпты, кедергісіз, жатық болып шығады.

 

Бағасы және қайдан сатып алуға болады?

LG G7-дің бағасы нарықтағы басқа флагмандармен бірдей. Егер G7-ді дәл қазір сатып алғыңыз келсе, онда пайдалы ұсынысты таба аласыз. Мысалы, Kcell Store-де «Келісімшарттық телефон» акциясына смартфон сатып алуға болады. Келісімшарттық телефон – смартфондарды ақысын бөліп төлеп сатып алуға мүмкіндік береді, бірақ смартфоннан басқа оператордан байланыс қызметінің пакетін ала аласыз. LG G7 ресми ұсыныс бағасы – 309 960 теңге. Егер сіз Kcell Store-ден 12 айға бөліп төлейтін болып сатып алсаңыз, ай сайынғы төлем 25 830 теңгені құрайтын болады, оған 30 Гб интернет-трафик, Қазақстанның басқа ұялы байланыс операторларына қоңырау шалу үшін 300 минут және Kcell/Activ желісінде шексіз байланыс кіреді. Келісімшарттық телефон науқаны табысты ұпай жинау нәтижесіне байланысты өткізіледі.

Ұсыныс туралы көбірек білгіңіз келсе және бөліп төлеудің ыңғайлы шарттары мына жерде.

 

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*