Әлеуметтік желідегі дөрекі сөзі үшін жауапқа тартылды

Атыраулық азамат әлеуметтік желіде жазған дөрекі сөзі үшін жауапқа тартылды.

ipad-tablet-technology-touch

“Жеке айыптаушы азамат сотқа жазған шағымында 2018 жылдың ақпан айының 09 күні танысы «Друг Вокруг» әлеуметтік желісінде өзінің атынан жалған парақша ашып, осы парақшада өзінің абыройы мен қадiр-қасиетiне нұқсан келтiретiн және өзінің беделiн түсiретiн жалған мәлiметтер таратқанын, сол үшін оны Қазақстан Республикасының ҚК-нің 130-бабының 2-бөлігімен қылмыстық жауаптылыққа тартуды сұраған”, – дейді Құрманғазы аудандық сотының баспасөз қызметі.

Сот талқылауында арыз түсірген атыраулық тұрғын мен айыпталушы өзара татуласқан.

Сот ҚР ҚК-нің 130-бабының 2-бөлігімен қозғалған қылмыстық істі қысқартып, оны қылмыстық жауапкершіліктен босатты.

Хорлан СМАДИЯР

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*