Мемлекеттің қолдауы қиын-қыстау кезде айрықша сезіледі

den molodezhi v 2016 godu1 COVID-19: Соңғы поштадан...

Atr.kz/1 сәуір, 2020 жыл. «Әлемді жайлаған қауіпті індеттің біздің елге де жеткеніне көңіліміз құлазып, алаңдап жүрген едік.

Осындай қиын-қыстау сәтте Президенттің қомақты қаражат бөлуге тапсырма беріп, әлеуметтік салаға, ауылшаруашылығына айрықша назар аударғанына разы болдық» дейді Атырау облыстық мәслихаты депутаты Нұрлы ӘЙТИЕВА.

Әсіресе, мұндай ауырлау кезеңде зейнеткерлер мен әлеуметтік әлсіз топтар үшін жәрдемақы мен зейнетақы мөлшерінің 10 пайызға артуы үлкен қолдау болғаны сөзсіз.

Жасыратыны жоқ, осы кезді пайдаланып, кейбір алыпсатарлар бағаны негізсіз шарықтатып жіберді. Енді бірі доллар бағамының көтерілуін сылтауратады. Қалай болған күнде де, нарықта өсім байқалады. Міне, осындай шақта Мемлекет басшысының әлеуметтік топтарға қамқорлығы айқын сезілгеніне қуандым.


Сондай-ақ, көктем келіп, тал егіп, ағаш отырғызу кезеңі басталысымен шаруагерлерге де оңай болып жатпағаны белгілі. Демек, ауыл шаруашылығын дамыту үшін субсидия ауадай қажет. Біздің елде бұл саланы өркендетуге мүмкіндік мол. Сондықтан, оны қалт жібермегеніміз абзал.


Сөздің шыны керек, бүгінде шағын және орта бизнеске де қамқорлық қажет. Себебі, карантин болғандықтан, олардың көпшілігінің кәсібі тұралап қалды. Мұндай жағдайда да мемлекеттің қолдауы болмаса қиын-ақ.


«Біз біргеміз!» акциясына қазақстандықтар жұмыла атсалысып, көпбалалы, әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға көмек беріп жатқанына да көңіл қуанды. Біздің бірлігіміз бен біртұтастығымыз осындайда анық байқалады. Ендеше, «Сақтансаң, сақтармын» деген қағиданы берік ұстанып, үйде болайық. Өз денсаулығымыздың өз қолымызда екенін ұмытпайық.

«Әлемді жайлаған қауіпті індеттің біздің елге де жеткеніне көңіліміз құлазып, алаңдап жүрген едік. Осындай қиын-қыстау сәтте Президенттің қомақты қаражат бөлуге тапсырма беріп, әлеуметтік салаға, ауылшаруашылығына айрықша назар аударғанына разы болдық» дейді Атырау облыстық мәслихат депутаты Нұрлы ӘЙТИЕВА.

Айбөпе САБЫРОВА

http://atr.kz/bez-rubriki/%d2%9baza%d2%9bstanda-2-mln-meditsinaly%d2%9b-maska-t%d3%99rkilendi/


Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз