ӘЛЕМДІК ДЕҢГЕЙДЕГІ АЛЫП ШАҺАР

Бүгін біз Астана Қазақстанның рухани-мәдени ғана емес, әлем үшін маңызы зор ірі саяси шаралардың орталығына айналды деп нық сеніммен айта аламыз. Халықаралық EXPO-2017 көрмесінің Астанада өтетіні де бас қаламыздың болашағының бұдан да жарқын болатынын айқындайды. 
Мемлекет басшысы жаңа астанамыз туралы толғанысында барша қазақстандықтарды тебірентті. «Астана тағдыры – екі ғасыр шебінен батыл аттаған барлық қазақстандықтардың тағдыры» деуінің өзінде де үлкен мән-мағына жатыр. Елбасы өзінің баяндамасында алдымен елорданың сәніне сипат беріп, бұдан соң қаланың бүкіл әлемнің тануын, оның серпінді экономикасына тоқталып, еліміздің инновациялық жүрегі екендігін жеткізеді. Одан басқа да Астананың «жасыл» қала екенін, Қазақстанның жаңа рухани орталығы болып табылатындығын баяндайды. Расында да, Астананың бүгінгі сан қырлы тұсы да қарыштап дамып, қазақстандықтардың мақтанышына айналды. Осының бәрін Мемлекет басшысы мақаласында қамтиды.
Біз Елбасының айтқан сөзінен елордамыздың әлі талай игі істердің жаршысы болатынын көреміз. Бар болғаны 15 жыл ішінде буыны бекіген бас қаламыз әрдайым биік шыңдарды бағындыра бергей.

Ермекқали ЮСУПОВ,
«Ақ жол» ҚДП Атырау облыстық филиалының төрағасы.

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*