Әлемдегі барлық ақшаның саны қанша?

Жер шарындағы әрбір тіршілік иесі, яғни адам баласы жұмыс істеу арқылы ақша тауып күн көреді. Ол – заңды әрекет деп жазады Massaget.kz.

pogudx5jobmooa6cu.7db16ce4

Дегенмен кейде «неге ақшаны шексіз қылып шығарып, адамдардың бәрі бай болмайды?» деген сұрақ туады. Бұл мүмкін емес. Себебі ақшаның шексіз шығуы жердегі берекенің шырқын қашырады. Үлкен соғыстардың басталып кетуі мүмкін. Себебі адамның нәпсісі қанағатсыз.

Ал қазіргі кезде жалпы жеке тұлғалардың қолындағы жалпы ақша қоры қанша деп ойлайсыз?

2012 жылы жер бетіндегі адамдар 7,8 %-ға дейін байып кеткен. Бұл дегеніміз жалпы әлемдегі әрбір жеке адамның қолындағы ақшаларды қосып санасақ, 135,5 трлн долларға тең.

Әлемдік сараптама жасау орталығының мәліметі бойынша, ең бай аймақ – Солтүстік Америка мен Батыс Еуропа. Олардың қолындағы ақша орта есеппен 43,3 трлн доллар мен 35,8 трлн долларға тең. Ал Жапонияны есептемеген кезде Азияның ақша қоры (жеке адамдардың қолындағы) – 28 трлн доллар.

Ақша қоры ең көп жеке тұлғалардың көш басында АҚШ тұр. Олардың саны – 3000. Аталған елдегі әрбір жеке тұлғаның есепшотында 100 миллион доллардан көп ақша жатыр.

Екінші орында – Ұлыбритания. Мыңға жуық адамда осы ақша тіркелген. Үштікке кірген ел – Қытай. 851 адамның қалтасында миллион доллар айналып жатыр. Ал аталған көрсеткіштер 2017 жылы 4 трлн долларға тағы көтерілуі мүмкін.

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*