Әлем сазының Айманы – Атырауда

Кеше Құрманғазы атындағы мәдениет сарайында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл толуына орай Қазақстанның Еңбек Ері, Қазақстан Республикасының Халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың иегері, Қазақ Ұлттық өнер академиясының ректоры, профессор, әлем әртісі Айман Мұсақожаева «Солистер Академиясы» оркестрімен бірге өнер көрсетті. Салтанатты шараға облыс әкімі Нұрлан Ноғаев қатысты.

%d0%b1%d0%b0%d1%81%d1%82%d1%8b-%d0%b6%d0%b0%d0%bd%d0%b0%d0%bb%d1%8b%d0%ba

Концерт шымылдығы қазақ музыкасының інжу-маржандарымен ашылды. Нұрғиса Тілендиевтің «Аққу» күйі Қазақ Ұлттық өнер академиясы студенттерінен құрылған «Шабыт» домбырашылар ансамблінің орындауында жүректерге жол тапты.

Концерттің бірінші бөлімінде әлемдік оркестр классикасының үздік туындылары мен классикалық камералық оркестрге арналған халық шығармалары орындалды.

Көрермендер композитордың атақты «Хольберг заманынан» атты сюитасының үш бөлімін тамашалады.  Сондай-ақ, П.И.Чайковскийдің, Иоганнес Брамстың шығармалары да көпшілікке жақсы әсер қалдырды.

Дүние жүзіне есімі мәшһүр композитордың ең таңдаулы шығармаларын орындаған әлемдік деңгейдегі әртіс көпшілікке шабыт сыйлап, қиялын қанаттандырды. Классикалық туындылардың халық көңілін баурағаны сондай, зал толы көрермен қол соғып, зор қошемет көрсетті.

%d0%b1%d0%b0%d1%81%d1%82%d1%8b-%d0%b6%d0%b0%d0%bd%d0%b0%d0%bb%d1%8b%d0%ba2

Айман Қожабекқызы Күләш Байсейiтова атындағы республикалық музыка мектебiнде профессор Н.Патрушеваның сыныбынан дәріс алған. Оны ойдағыдай бiтiрген соң Мәскеудегi П.Чайковский атындағы мемле-кеттiк консерваторияда Кеңес Одағының әртiсi, профессор В.Климовтың сыныбында оқуын жалғастырды.

Белград қаласында 1976 жылы өткен Халықаралық конкурста лауреат атанды. Небәрі 18 жастағы қыздың Халықаралық сайыста Қазақстан атынан жасқанбай өнер көрсетiп, жеңiмпаздық тұғырдан көрiнуi жиналғандарды айрықша таң қалдырған едi.  Осыдан кейiн Айманның өсiп, өрлеу жолы басталды. Өнер күнделігіне көз жіберсек, 1981 жылы Генуядағы Паганини атындағы, 1983 жылы Токиодағы, 1985 жылы Хельсинкидегi Я.Сибелиус атындағы, 1986 жылы Мәскеудегi П.Чайковский атындағы VIII Халықаралық конкурстардың лауреаты атануы – оның ерекше таланты мен еңбекқорлығының куәсі.

Айман Қожабекқызы – 1993 жылдан бері Ресейдегi Петр Чайковский атындағы, Абрам Ямпольский атындағы (Дубна) Халықаралық скрипкашылар конкурсының, Италиядағы Милан қаласында өтетiн Микеланжело Аббадо атындағы Халықаралық скрипкашылар конкурсының қазылар алқасының мүшесi. Мәскеу, Алматы, Бiшкек консерваторияларының профессоры ретiнде педагогикалық қызмет атқарып келедi.

Концерттің соңында облыс басшысы Нұрлан Ноғаев сөз сөйлеп, өнер иесіне шынайы тілеулестігін білдірді.

– Ардақты өнерсүйер қауым! Бүгін тағы да бір кештің куәгері болдық. Мен, біріншіден,  өз атымнан және сіздердің аттарыңыздан өзінің тығыз жұмыс кестесінен  уақыт тауып, Атырау өңіріне келгені үшін   Айман Қожабеққызына және ол бастаған бүгінгі сыйлы қонақтарымызға ризашылығымызды  білдіре-мін және «Қош келдіңіз» деймін.

%d0%b1%d0%b0%d1%81%d1%82%d1%8b-%d0%b6%d0%b0%d0%bd%d0%b0%d0%bb%d1%8b%d0%ba3

Расында да бүгін тамаша кеш болды. Дәстүрлі музыка мен классикалық батыс музыкасын ұш-тастырып, біздерге өнердің биік шыңын көрсетті. Бұл оркестр мен Айман Қожабекқызы әлемнің талай сахналарында болып, олар ду қол шапалақтап, өз ризашылықтарын білдірді. Біз сіздің өнеріңізді тамашалауға әрқашан асығып жүреміз.   Сіз бастаған ұжымға алдағы уақытта да шығармашылық табыстар тілеймін, -деді Нұрлан Асқарұлы.

Кеш соңында Қазақстанның және Қырғызстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Парасат» орденінің иегері Илья Жақанов Айман Қожабекқызына өзінің жүрекжарды лебізін білдіріп, ескерткіш ретінде алтын жүзік сыйлады.

Абай АҚМҰРЗИЕВ

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*