ҚЫЗЫЛҚОҒАНЫҢ БЕРЕКЕЛІ БЕЛЕСТЕРІ

Бұл бұрынғы орталық аурухананың үш қабатты үйі еді. Облыс басшысының бірінші орынбасары Ғ.Дүйсембаев нысандағы күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізіп отырған Батыс Қазақстандық «АзияТехСтрой» ЖШС-нің жұмысшыларымен кездесуде күрделі жөндеу жұмыстарының сапасына ерекше мән берудің қажеттігін баса әңгімеледі. Бала бақша үстіміздегі жылдың шілде айында пайдалануға берілуге тиіс. Мәліметтерге зер салсақ Миялы селосы бойынша қазір 300 бала, ал аудан бойынша 500 бүлдіршін бала бақша кезегінде тұр. Облыс басшысының бірінші орынбасары бұдан кейін азық-түлік бағасын тұрақтандыру мақсатындағы жұмыстардың барысымен танысу мақсатында «Дидар» супермаркетінде, аудан тұрғындарын экологиялық жағынан таза жергілікті жерде өндірілген көкөніс түрлерімен қамтитын «Жылыжай» шаруашылығында, 1000 тонналық азық-түлік қоймасында болды.
Ойыл өзені бойына салынған «Ералы» суландыру жүйесіндегі болашақта атқарылатын жұмыстардың барысы аудан тұрғындарын таза ауыз сумен қамтамасыз етудегі қолға алынған «Ауыз су» және «Ақбұлақ» бағдарламалары бойынша келешекте атқарылатын міндеттерде сараланды.
Жеке кәсіпкер Саламат Каримовтың наубайханасында болып нан өнімдерінің сапасымен танысып, нан түрлерінің пісірілуіне, оның бағасына назар аударды. Тұтынушылардың талап-тілегіне де зер салды. Түстен кейін аудан әкімдігінің үлкен мәжіліс залында «Баспасөз – өмір айнасы» тақырыбымен өткен аудандық Қызылқоға газетінің 60 жылдығына арналған мерекелік шараға қатысқан Ғ.Дүйсембаев аудан дамуындағы баспасөздің ролін атап көрсетті.
Бұдан кейін Қызылқоға ауданының құрылғанына 70 жыл толуына арналған салтанатты жиналыс аудан орталығындағы «Арман» мәдениет үйінде өтті. Жиналыста аудан әкімі М.Мұқанов «Қызылқоға ауданының құрылғанына 70 жыл» тақырыбында баяндама жасады.
Облыс әкімінің бірінші орынбасары Ғ.Дүйсембаев аудан жұртшылығын облыс әкімінің атынан құттықтап, сөз сөйледі, өңір алдында тұрған елеулі міндеттерді атап көрсетті.
(Қызылқоға ауданының 70 жылдық тойынан материалдар газетіміздің келесі санынан толығырақ берілетін болады).

Мағрупа ҚАЗИХАН,
Қызылқоға ауданы.

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*