Квота беру неге тоқтатылды ?

Қазақстанда бекіре тұқымдас балықтарды аулауға квота беру тоқтатылды. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Ауыл шаруашылығы министрі Асқар Мырзахметов өткізген бейнеконференция кезінде айтылды. Алқалы жиында Атырау облысындағы ауыл шаруашылығы мәселелері қаралған болатын.

%d0%b0%d1%83%d1%80%d1%83-%d0%bc%d0%b0%d0%bb%d0%b4%d0%b0%d1%80-%d1%81%d0%b0%d1%83%d1%8b%d0%ba%d1%82%d1%8b%d1%80%d1%8b%d0%bb%d1%83%d0%b4%d0%b0

Бағалы балықты қорғауға қатысты туындаған проблемалар бар. Соның алғашқысы, Каспий теңізіндегі браконьерлікке әлі де тұсау салынбауы. Жағалаудағы мемлекеттер бұл бағытта жеткілікті деңгейде ынтымақтаса  әрекет ете алмай отыр. Мұны «балық барымташылары» «тиімді» пайдалануда көрінеді. Тегеуірінді талаптың жоқтығы бекіре тұқымдас балық түрлерінің азаюына, Атырау аймағындағы екі балық зауытының жұмысына кері әсер етуде. Сондықтан да, олардың өндірістік қуатын 7-ден 12 миллион шабаққа дейін арттыру және құралдық кешеніне жаңғырту жүргізу үшін республикалық бюджеттен қаржы бөлу сұралуда.

Облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының материалдық-техникалық базасын нығайту шешілмей келе жатқан мәселе. Құрылымға заманауи арнайы құрылғылар мен теңіз су көліктерінің қажеттілігі, оған  қаражат бөлу жайы осы жолы да айтылды. Дегенмен, бүгінгі қаржылық ахуалға байланысты республикалық бюджеттен бұл мәселелерге арнайылап қаржы қаралмапты. «Алайда, текке қарап отырмай, түйткілді мәселені облыстың әкімдігі деңгейінде шешу жолдарын қарастыру қажет. Ол үшін Атыраудың бюджеттік әлеуеті жеткілікті және сырттан қолдау іздемей-ақ жағдайды бақылауға алуға толықтай мүмкіндігі бар» деді Асқар Мырзахметов.

Министрлік басшысы жергілікті бекіре балық өсіру зауыттары туралы да пікірін айтты. Бүгінде өндіріс нысандарын қайта жарақтандыру туралы бастаманы Дүниежүзілік банк пен Азия даму банкі қарап жатыр екен. Оның оң шешілуі түйіннің тарқатылуына себепші болады.

Бекіре балығына байланысты елең еткізген тағы бір жаңалық бар. Бұған дейін ғылыми зерттеу жұмыстары үшін бекіре балығын аулауға арнайы квоталар бөлінетін. Енді министрлік басшысының тапсырмасымен квота бөлу тоқтатылып, жалпы Қазақстан бойынша бекіре аулауға тыйым салынды. «Мұндай шешім сирек кездесетін балық санын көбейтуге сеп болмақшы» дейді мамандар.

Азамат

БАЗАРБАЕВ

 

Ауру малдар сауықтырылуда

Үстіміздегі жылдың 30  маусымында Құрманғазы ауданының Мақаш ауылдық округінде мүйізді ірі қара мал арасында белгісіз ауру тіркелген болатын. Осыған орай, Ресей Федерациясының референттік зертханасының берген қорытындысына сәйкес нодулярлы дерматит вирусы анықталған. Кейін мұндай дерт Исатай ауданынан және Атырау қаласы маңындағы Дамбы мен Кеңөзек ауылдарынан да табылды. Сондықтан, карантин жариялауға тура келді. Қазір ауру малды сауықтыру қалай жүріп жатыр? Облыстық ветеринария басқармасының басшысы Нұрбай Абдрахмановтың қатысуымен өткен брифингте журналистер осы сауалға жауап іздеді.

Жалпы, мүйізді ірі қарада кездесетін нодулярлы дерматит дегеніміз –  қызумен, тері асты жасушалары және оның ісінуімен, көру, тыныс алу және ас қорыту мүшелерінің сілекей қабықтарының қабынуымен ерекшеленетін және тез тарайтын экзотикалық вирустық инфекциялық дерт. Мамандардың айтуынша, ол малға қансорғыш жәндіктер арқылы тарайды.

–  Ауру кезінде сиырдың ет және сүт өнімділігі төмендейді. Масалар мен соналарды  үркіту үшін олардың құлағына жапсыратын арнайы медициналық құрал әкелінді. Ауа-райының салқындауына байланысты да індет азаяды деген ойдамыз, – дейді облыстық ветеринария басқармасының басшысы Нұрбай Абдрахманов.

Оның айтуынша, ауру белгілері анықталған аудандар мен елді мекендер төңірегіне карантин белгіленіп, дертті таратпау мақсатында  жұмыс жасалуда.  Аталған аурумен күреске барлығы 147 ветеринар маман  және 31 арнайы техника жұмылдырылған. Алдын алу шаралары жасақталған.

Әдетте, індетке шалдыққан малдар шыбын-шіркейі көп, қалың шөбі бар су тоғандары маңындағы аймақтарда көптеп кездеседі. Бүгінде оған қарсы ем ойлап табумен Ресейдің және Арменияның ғалымдары айналысуда. Тағы бір айта кететін жайт, түйелер мен жылқылар, қойлар және басқа да малдар бұл дертке ұшырамайды.

Жалпы облыс бойынша Атырау қаласы, Құрманғазы және Исатай аудандарындағы 79587 мүйізді ірі қараның ауырғаны – 5980, сауыққаны 2800 бас. 727 сиыр өлді. Дезинфекция жасалған қора-жай саны – 2312,  олардың жалпы аумағы 107193,5 шаршы метр.

Ауруға шалдыққан жануарларды емдеу, дәрілеу мақсатында эпизоотиялық іс-шараларға Құрманғазы ауданына 2 млн. 590 мың, Исатай ауданына 400 мың және Атырау қаласына 1 млн. 500 мың теңге бөлінді.

Нұрислам

ҒҰМАР

 

Ауруханаішілік  инфекция 

оны болдырмау өзімізге тікелей байланысты

Ауруханаішілік инфекцияларбүкіл әлемдегі денсаулық сақтау саласының маңызды мәселелерінің бірі. Облыстық ауруханада ұйымдастырылған республикалық көшпелі семинардың тақырыбы да медициналық көмек көрсетудегі инфекцияларды эпидемиологиялық қадағалауға арналды.

Семинарға Атырау қаласындағы емдеу-алдын алу мекемелері, облыстық тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің және Алматы, Ақтөбе, Батыс Қазақстан облыстық Ұлттық сараптама орталықтарының мамандары қатысты.

Әлемдік медицина қауымдастығы ең қиын емделетін және емделуі қымбат деп танылған ауруханаішілік инфекцияларының қауіптілігі жайында ҚР Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Санитарлық-эпидемиологиялық сараптама және мониторинг ғылыми-практикалық орталығы мен Тұтынушылардың құқықтарын қорғау және халықтың саламаттылығы саласындағы қадағалау бойынша Федералдық қызметтің Г.Габричев-ский атындағы Мәскеу эпидемиология және микробиология ғылыми-зерттеу институты мамандары пікірін білдірді.

Әлім АЙҚЫМБАЕВ,

ҚР Санитарлықэпидемиологиялық сараптама және мониторингі ғылымипрактикалық орталықтың кеңесшісі, медицина ғылымының докторы, профессор:

«Профилактикалық тексеріс маңызды»

– Инфекция көп түрлі болады. Оған белгісі білінбей-ақ қоздырғышты тасымалдаудан бастап, толық көрінетін ауруларға дейін жатады. Оның қатарында түрлі жұқпалы аурулар арқылы немесе таза емес суды тұтынғаннан жұғатын да түрі бар. Қазір елімізге келетін шетелдіктен де түрлі ауру келу қаупі бар. Бұдан қорғанудың бір жолы – екпе алу.  Нәтижесінде, соңғы жылдары инфекциялық аурулар қатары әлем елдерімен  салыстырғанда Қазақстанда  біраз төмендеді. Бұл «арқаны кеңге жайып, жайбарақат отыру» дегенді білдірмейді. Керісінше, профилактикалық тексерулерді күн тәртібінен түсірмеуіміз керек. Ал, ауруханаішілік инфекция дегеніміз – бұл науқастың ауруханада емделуі барысында өз сырқатынан басқа сырқатты жұқтырып алуы. Яғни, антибиотиктерді оңды-солды қолдану, дұрыс залалсыздандырылмаған құралдарды пайдалану, биологиялық қауіпсіздікті ескермеу, бөлменің залалсыздандырылмауы, тағы басқа арқылы жұғуы мүмкін.

Ерболат УАЙСОВ,

облыстық тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті басшысының орынбасары:

«Жауапкершілік керек!»

– Ауруханаішілік инфекция арқылы жұқтырылған ауруды емдеу – қиынға түседі. Көбінесе үш тәуліктен аса мерзімде дамыса немесе емделуші ауруханадан шыққан соңғы үш тәулік бойында байқалса, бұл ауруханаішілік инфекция ретінде қарастырылады. Мәселен, бірнеше миллион тұратын ота науқасқа сәтті жасалғанымен, кейін орнына инфекция жұқса, науқас тағы дертті жамап алады.  Сондықтан, дәрігер мен медбике ота жасалған адамға үлкен жауапкершілікпен қарауы керек. Семинардың мақсаты да – осы.

Ауруханаішілік инфекция жұқтыру арқылы АҚШ-та жыл сайын 90 мың американдық көз жұмады. Германияда жыл сайын 450-650 мың госпитальда инфекция жағдайы тіркеліп, оның шығыны 3 млрд. еуроны құрап отыр.

Францияда 2001 жылы 4 млн.нан  астам  қаржы ауруханадағы медицина қызметкерлерінің «қолдарын дұрыс жумауынан» туындаған ауруханаішілік ауруларға жұмсалыпты.

Республикалық ауруханаішілік инфекция жұқтырғандар саны – 302. Атырау облысы бойынша ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығында  төрт  науқас тіркелген.

Нұргүл

ЫСМАҒҰЛОВА

 

Аң аулауға рұқсат!

«Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерватына қарасты «Приморский» аң аулау участогіндеЗарослый» каналының сағасында орналасқан. Авт.) 1 қазан мен 30 қараша күндері аралығында кәсіпқой аңшылар үшін жабайы үйрек пен қаздарды аулауға рұқсат етіледі. Бұл туралы бізге аталмыш қорықтың бөлім маманы Ақкүміс Дүйсенова хабарлады. Осы ретте, резерват кеңсесіне келіп, алдын ала тиісті жолдамаларды алуға болады.

А.ШАМАР.

 

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*