Кубок тағдырын обертайм шешті

Шайбалы хоккейден еліміздің бірнеше дүркін чемпионы Атыраудың «Бейбарыс» хоккей клубы жаңа маусымға қызу дайындалуда. Жерлестеріміз Қазақстан Кубогінің ақтық сынында Петропавлдың «Құлагер» командасымен Көкшетауда кедесті.

R7NHvQZ0J6xf0n2W6K3Crwo7Vn9SAM

Тартысты ойында қызылжарлықтар бірінші болып есеп ашты. Алғашқы кезеңде соғылған екі шайбаға «Бейбарыс» командасының хоккейшілері Максим Худяков пен Вячеслав Трясунов кездесудің екінші және үшінші кезеңінде бір-бір шайба соғып, есепті теңестірді.

Ел Кубогі жолындағы бәсекенің тағдыры обертаймда шешілді. Мұнда «Құлагер» шабуылшысы Сергей Копылец жеңіс шайбасын соқты.

Александр Истоминнің шәкірттері 2017-2018 жылдар аралығындағы Қазақстан чемпионатының алғашқы кездесуін 9 қыркүйек күні Шығыс Қазақстанда жергілікті «Алтай-Торпедо» хоккейшілерімен өткізеді.

Құрамында Денис Короваев, Дмитрий Степанов, Вячеслав Трясунов, Илья Малюшкин, Виталий Смолянинов, Максим Шарифьянов сынды тәжірибелі ойыншылары бар жерлестеріміздің мұз айдынындағы бәсекелеріне сәттілік серік болғай дейміз.

Бақытжан ЖҰМАТ

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*