КӨРЕГЕНДІКТІҢ КӨКЖИЕГІ

 59  заң қабылданды

Аталмыш жоспар аясында күні бүгінге дейін Парламент 59 заң қабылдады. Оның ішінде экономиканы тиімді дамыту, елімізді жедел өркендету, мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттыру жөніндегі аса маңызды заңдар топтамасы да бар.

Әлеуметтік экономикадағы құлдырау, Қазақстанның негізгі экспорттық тауарлары бағасының төмендеуі, геосаяси ахуалдың күрделенуі, Ресейге қойылған санкциялардың әсері сияқты жаһандық дағдарыстың құбылыстарына қарамастан, 2014 жылы ел экономикасы орнықты дамыды. Өткен жылдың қорытындылары бойынша, елдегі ішкі жалпы өнімнің өсуі 4,3 пайызды құрады. Жан басына шаққандағы бұл көрсеткіш 13 мың АҚШ долларына жетті. Тұтастай алғанда, тәуелсіздік жылдарындағы елдің ішкі жалпы өнімі 20 еседен аса өсті. Сәйкесінше, шамамен 190 миллиард доллар көлемінде шетелдік инвестициялар тартылып, халықтың кедейшілік деңгейі 20 есеге қысқарды.

Бүгінгі таңдағы күрделі геосаяси үдерістер, әлем экономикасындағы тұрақсыздықтар кезеңінде Мемлекет басшысының көреген саясаты арқылы біздің Отанымыз үдемелі даму көшіне қосылды. Алдағы биік міндеттер күрт шешімдерді, ілкімді шараларды батыл қабылдауды қажет етеді. Сол себепті де Президент жария еткен қазақстандық экономиканың дамуын қамтамасыз етуге шақырған бес халықтық реформаның, оны өмірге енгізу қадамдарының  маңыздылығы ерекше.

Егемендік еншімізге бұйырған жылдардан бері де аз іс атқарылған жоқ. Дегенмен, Қытай, Ресей, АҚШ сынды алпауыт мемлекеттермен үзеңгі қағыстырып, иық тірестіру жас мемлекет үшін оңай болмайды. Капитализмнің қаймағын қалқып, бәсекелестік пен әрекеттестіктің тетіктерін бізден бір ғасыр бұрын меңгерген мемлекеттердің экономикасы да, саясаты да қалыптасып қалған, қоғамдық және мемлекеттік даму институттары орныққан елдер.

Сондықтан да, сыртқы саясатты сенімді жүргізудің басты кепілі ішкі тұрақтылықты қамтамасыз ету болып табылады. Ал, біз қоғамдық бірлікті ту етіп ұстау арқылы ғана алдымызға болашағы жарқын, өркендеп, дамыған Қазақстанымыз туралы ұлы мақсаттар қоя аламыз. 

600-ден аса өндіріс орны ашылды

Бес халықтық реформа – қоғамдық қатынастар жүйесін толығымен жаңартатын және «Нұрлы жол» атты жаңа экономикалық саясат пен индустриалдық-инновациялық бағдарламаның жүзеге асуын жеделдететін маңызды жоспар. Ең бастысы, құжатта көрініс тапқан «Үдемелі индустриалдық-инновациялық даму» бағдарламасының рөлі өте зор. Қазақстан іске асырып жатқан инновациялық саясат ел экономикасының орнықты өсуін қамтамасыз етуге, отандық өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған.

Өткен жылы аталмыш бағдарламаның алғашқы бесжылдығы аяқталды. Сол кезеңде елімізде жаңадан 600-ден аса өндіріс орны ашылды. Оның ішінде ірі де, шағын да кәсіпорындар бар. Бұл өндіріс ошақтарының өнімдері ішкі экономикаға емес, сыртқы саудаға да оң әсерін тигізді, олар өз өнімдерін алыс-жақын шет елдерге экспортқа да шығарып отыр.

Биыл «Үдемелі индустриалдық-инновациялық даму» бағдарламасының екінші кезеңі басталды. Ағымдағы жылы еліміздің өңірлерінде іске қосылуы жоспарланған 75 нысан жұмысын бастап кетсе, жаңадан жеті мыңнан аса адам жұмыс орнымен қамтамасыз етіледі. Бұл – бір жылдың көлемінде атқарылатын істер. Ал, 2016-2019 жылдарға дейін осындай көлемде жаңа жобалар іске қосылатын болса, сондай-ақ, алдыңғы бесжылдықта қол жеткізілген өндіріс көлемін ескерсек, аталған бағдарламаның экономикамызға серпіліс беретінін болашақта анық көруге болады.

Құжаттың тағы бір бағыты – «Жалпыға ортақ Еңбек Қоғамы» идеясын алға жылжыту. 88-ші қадамда айтылатын бұл мәселе «Нұрлы жол» инфрақұрылымын құру, «Қазақстан – 2050» Стратегиясын жүзеге асыруда мемлекеттік саясаттың  талаптарына  жауап бере алатын  жұмысшы және кәсіптік техникалық мамандықтардың артықшылығы мен танымалдығын насихаттауға бағытталған. Бұл – «еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей» деп,  Абай айтып қалдырған ұлы сөздің жалғасы іспеттес. Сондықтан, бізге алға ұмтылу керек. Елбасының халықты жұмыспен қамту үшін жасап отырған қамқорлығы ұшан-теңіз. Оны әр отбасы тиімді пайдаланса деймін.

Бес реформаны іске асыру  қадамдарының қай-қайсысын алсақ та, нақты бағыт, айқын бағдар бар. Ендігі міндет – осынау межеге жету. Бізге  жұдырықтай жұмыла отырып, ынтымақпен үйлесімді еңбек ету керек. Бұл үшін бізде мүмкіндіктер де, алғышарттар да жетерлік.

(Арнайы «Атырау» газеті үшін). 

Соңғы кезеңде әлемде орын алған күрделі экономикалық ахуалда Ұлт жоспары барша қазақстандықтың басты бағдары болып отыр. Ауқымы зор бағдарлама – еліміздің ішкі сын-қатерлеріне тосқауыл болатын, жаңа жаһандық дәуірде дамыған отыз мемлекеттің қатарына енуге арналған алтын көпір іспетті. Ол еліміздің іргесін нығайтып, күрделі кезеңнен кедергісіз өтуде қоғам мен мемлекеттің даму бағытын жүйелейді. Құжатта көрсетілген міндеттер орындалған жағдайда еліміз экономикасы мықты, дамыған, әл-ауқаты зор, өркендеген мемлекеттер қатарына қосылады.

 

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*