КӨП ЖЫЛҒЫ ЕҢБЕКТІҢ ЖЕМІСІ

Осы орайда Қазақстан Журналистер Одағының кезінде бас редакторларға арналған Г.Толмачев атындағы сыйлығы тағайындалған болатын. Оған биыл Атыраудан шығатын «Сахара» өңірлік газетінің бас редакторы Қуандық Батыров ие болды. Қуақаң мұндай құрметке осы саладағы елу жылға жуық үздіксіз, әрі үлгілі қызметі үшін лайық деп табылды.
Жақында Алматыда аталған сыйлықты Қуандық Батыровқа осы конкурсты өткізу жөніндегі қазылар алқасының төрағасы, ұлтымыздың аса көрнекті ақыны, қоғам қайраткері Олжас Сүлейменов өз қолымен табыс етті.
Біз әріптесімізді жоғары марапатымен құттықтап, «Атырау-Ақпарат» ЖШС-іне қарасты барлық деңгейдегі газеттер редакцияларында еңбек ететін қаламдастары атынан шығармашылық табыс тілейміз.
Сондай-ақ, осындай сыйлыққа «Казахстанская правда» республикалық газеті» АҚ басқармасының төрағасы Александр Тараков та ие болды.
Облысымызға белгілі қаламгер-журналист, «Сахара» газетінің бас редакторы Қуандық Батыровты 2014 жылғы республикалық Геннадий Толмачев атындағы сыйлықтың лауреаты, «Үздік БАҚ редакторы-2014» конкурсының жеңімпазы атануына байланысты басқарма ұжымы шын жүректен құттықтап, қаламынан қасиет кетпей, ақпарат саласында ұшқыр қаламгер ретінде әрдайым биіктен көрініп жүруіне тілек білдіреді.
Облыстық ішкі саясат басқармасы ұжымы.

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*